03.08.2020, 17:52 4563

Экология министрлігінің жедел желісіне бейберекетсіз қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түскен

Экология министрлігінің жедел желісіне бейберекетсіз қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түскен

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Экология министрлігінің жедел желісіне бейберекетсіз қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түскен.

Оның ішінде 384 шағым стихиялық қоқыстарға, 131-і - толып кеткен контейнерлерге қатысты. 5 жағдайда фактілер расталмады.

Стихиялық қоқыстар туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (73), Шығыс Қазақстан (46) және Қарағанды облыстарынан (41), сондай-ақ Алматы қаласынан (44) келіп түсті. Ақмола (30) облысы азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша "бестікке" кірді.

Бүгінгі таңда полигондардың жартысынан көбі (282) әкімдіктермен бірге жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады.

Еске салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оның ішінде расталған фотосуреттер мен бейнетүсірілімді жібере алады.

Экология министрлігі елдің барлық тұрғындарына бұл мәселеге бей-жай қарамай, жедел желіге шұғыл түрде стихиялық үйінділер фактісі туралы хабарлауға, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасауға, полиция шақыруға үндейді.

Осы бағыттағы жұмыстарды бірігіп атқарған кезде ғана, көп нәрсені ретке келтіре аламыз, деп атап өтеді ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, демалыс күндері Экология министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің инспекторларымен, сондай-ақ ҚР ІІМ қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерімен бірге ұлттық саябақтар мен демалыс аймақтарында қоғамдық рейдтер өткізеді. Заңбұзушылық орын алған жағдайда, тиісті шара қолданылып, оның ішінде айыппұл салынады. Алайда, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жоғарыда атап өткендей, жалпы жағдайды өзгерту үшін халықтың экологиялық мәдениетін көтеру қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны