31.10.2006, 15:47 5976

Экономика министрлігіне Астана қаласында инженерлік желілерді тартуға қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастыруға тапсырма берілді

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Астана қаласының әкімшілігімен бірлесіп 2007-жылға арналған республикалық бюджетте Елордасын дамытуға қосымша қаржы бөлу мәселесін ойластыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл мәселені сіздер экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен бірлесіп ойластырып, маған ұсыныс әкелулеріңіз қажет",- деді Даниал Ахметов бүгін Елордасының жаңа орталығы құрылысының барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Астана әкімі Асқар Маминге қаратып айтқан сөзінде.

Үкімет басшысының пайымдауынша, әсіресе "Ильинка" ықшамауданындағы инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету мәселесін жеке қарау керек.

Бұл ықшамауданда жеке баспана тұрғызуға жер телімдері бөлінуде. "Біз бұл ауданды үлгіге айналдыруға тиіспіз. Келесі жылы инженерлік инфрақұрылым ресурстарымен толық қамтамасыз етуді қарастырайық. Қажетті ақша толық бөлінсін",- деді үкімет басшысы. Д.Ахметовтың пікірінше, "Ильинка жалпыәлемдік стандарттарға толығымен сай келетін жеке баспаналардан құралған ықшамаудан салудың ең озық үлгісіне айналуға тиіс".

Қалалық әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, "Ильинка" ықшамауданындағы инженерлік инфрақұрылымды тартуға 2 млрд. теңге қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны