28.09.2015, 12:32 3733

Экономиканыӊ бәсекелестігіне үлес қосқан қазақстандықтарға "Еӊбек даӊқы" д?режесі беріледі

Экономиканыӊ бәсекелестігіне үлес қосқан қазақстандыққа "Еӊбек даӊқы" д?режесі беріледі.Бұл туралы ОКҚ брифингісінде Денсаулық сақтау ж?не ?леуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов м?лімдеді

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Экономиканыӊ бәсекелестігіне үлес қосқан қазақстандыққа "Еӊбек даӊқы" д?режесі беріледі.Бұл туралы ОКҚ брифингісінде Денсаулық сақтау ж?не ?леуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов м?лімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ наурызында ҚР Президентініӊ Жарлығымен бекітілген "Еӊбек даӊқы" төс белгісініӊ ІІІ д?режесін алған азаматқа бірден "Қазақстанныӊ Еӊбек ері" мәртебесі беріледі. 2013 жылдыӊ қарашасында Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Қазақстанда Еӊбек күні бекітілген болатын. Бұл мереке жыл сайын қыркүйек айыныӊ соӊғы жексенбісінде тойланады. Ал биыл Мемлекет басшысыныӊ наурыз айындағы Жарлығына с?йкес, жаӊа үш д?режелі үш "Еӊбек даӊқы" төсбелгісі бекітілді. Айта кетерлігі, "Еӊбек даӊқы" төс белгісініӊ үш д?режесіне ие болған азамат м?ртебесі бойынша "Қазақстанныӊ Еӊбек ері" атағына ие азаматтармен теӊеседі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Б.Нұрымбетовтыӊ айтуынша, марапат ұзақ жылдар бойы қажырлы еӊбек еткен, сондай-ақ еӊбек өнімділігін арттыруға ж?не ұлттық экономиканыӊ б?секеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі н?тижелі жұмысы үшін тек қарапайым жұмысшылар мен еӊбек адамдарына беріледі. "Еӊбек даӊқы" ордені алғаш рет алдымыздағы Т?уелсіздік күніне орай тапсыру жоспарланып отыр.

2014 жылы Елбасыныӊ тапсырмасына орай, елімізде "Еӊдек ардагері" медалі пайда болды. Бұл медаль өзініӊ еӊбек жолында жоғарғы н?тижелерге қол жеткізген зейнет жасындағы адамдарға беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны