20.01.2015, 10:32 4061

Экс-әкімніӊ ісі. Апелляцияны қарау 2 ақпанда басталады

Естеріӊізге салсақ, үкім әлі заӊды күшіне енген жоқ. Заӊгерлердіӊ айтуынша, ол апелляциялық алқаныӊ қаулысы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Түрлі бағалаулар бойынша, осындай көлемді іс бойынша апелляцияны қарау бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін.

Атырау. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Бергей Рысқалиевтыӊ ҰҚҚ" қылмыстық ісі бойынша сот үкіміне қарсы берілген барлық апелляцияларды Атырау облыстық сотыныӊ апелляциялық алқасы 2 ақпанда қарауға кіріседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Темір тордыӊ ар жағындағы сотталушылардыӊ көпшілігі жаза мерзімі мен мүлікті тәркілеу шараларын қолдану үкімдеріне қарсы шағымдар берді, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Адвокаттар қорғалушыларын кейбір тағылған баптар бойынша ақтауды немесе айыптарды анағұрлым жеӊілдеу баптарға өзгертуді сұрайды. Мәселен, "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануды" "салғырттыққа" өзгерту жаза мерзімін азайтуға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, осы қылмыстық істіӊ шеӊберінде зардап шегушілер деп танылған тұлғаларға өтемақы сомасын талап етті.

Естеріӊізге салсақ, үкім әлі заӊды күшіне енген жоқ. Заӊгерлердіӊ айтуынша, ол апелляциялық алқаныӊ қаулысы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Түрлі бағалаулар бойынша, осындай көлемді іс бойынша апелляцияны қарау бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны