25.08.2015, 20:14 3567

ЭКСПО-2017 дайындығына бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген А.Тұматаевты қамау мерзімі ұзартылды

А. Тұматаевқа Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа бөлінген ақшалай қаражатты иемденді деген күдік тағылуда

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 176-бабы 4-бөлігі, "б" тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылған Азамат Тұматаевқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушініӊ қолдаухатын қанағаттандырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А. Тұматаевқа Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа бөлінген ақшалай қаражатты иемденді деген күдік тағылуда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі 4 айға, яғни 2015 жылғы 3 қазанға дейін ұзартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны