21.02.2013, 14:29 3066

ЭКСПО-2017 қарай Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылады

"Халықаралық әуежайдан көрме өткізілетін аймаққа қарай жаңа темір жол вокзалына дейін ұзындығы 21 км болатын жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосу жоспарланған", - деді И.Тасмағамбетов.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізгенге дейін Астанада 21 шақырымға созылатын желісі бар жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті.

"Халықаралық әуежайдан көрме өткізілетін аймаққа қарай жаңа темір жол вокзалына дейін ұзындығы 21 км болатын жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосу жоспарланған", - деді И.Тасмағамбетов.

Елорда басшысының мәліметінше, осы бағытпен әкімшілік-мәдени нысандар, әлеуметтік маңызды аудандар қамтылатын болады.

Жеңіл рельсті көлікпен қоса жылдам рельсті көлік жүйесі - арнайы бөлінген жолдарда жүйрік автобустық қатынастар салынады, бұл жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан астанасының ұшу географиясы да кеңейтіледі. Қазіргі уақытта шетелдік әуе компаниялар жаңа халықаралық әуе қатынастарын ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осылайша, 2017 жылға қарай жылына ұшыру/қабылдау сапарларының санын 20 000 бірлікке дейін арттыру, сонымен қатар ұшыру/қабылдау жолаушыларының санын 5 млн адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны