01.09.2016, 09:01 1896

ЭКСПО нысандарыныӊ құрылысы кезінде 131 млрд теӊге үнемделді

ЭКСПО нысандарыныӊ құрылысы кезінде 131 млрд теӊге үнемделді , деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЭКСПО нысандарыныӊ құрылысы кезінде 131 млрд теӊге үнемделді , деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында.

"Ауқымды жұмыстарды қаржыны үнемдеу бойынша жүргізіп жатырмыз. Біз қазір 131 миллиард үнемдедік, жыл соӊына дейін бұл қаржы өседі. ЭКСПО құрылысы кезінде тағы қаржы үнемделмек", - деді А.Есімов.

Айта кетейік, 26 қаӊтарда Президент Н.Назарбаев пен "Астана ЭКСПО-2017" басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ЭКСПО қалашығыныӊ құрылысынан қаржы үнемдеуді тапсырған болатын.

ЭКСПО-2017 көрмесін жүзеге асыру үшін 46 мыӊ жұмыс орны құрылды, деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында.

"Отандық тауар өндірушілердіӊ қатысуы - біздіӊ жұмыстыӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі. Өткен жылы біз белсенді жұмысты бастадық, 300 мыӊға жуық компания қатысып жатыр. Тікелей және жанама 46 мыӊ жұмыс құрылды. Қазақстанныӊ бірде-бір жобасында осынша жұмыс орны ашылмаған болатын", - деді А.Есімов.

Сондай-ақ, компания басшысы экономика қаржысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты айтып өтті. Оныӊ айтуынша, үнемделген қаржы 130 млрд теӊгені құрады.

Танымал әлемдік компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесіне 125 млн евроға демеушілік етті , деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында.

"Көрме тақыры әлемдік компаниялардыӊ қызығушылығын тудырып отыр. Серіктес болып көптеген компаниялар атанды, мәселен SAMSUNG, Shell, Chevron және т.б. Олар бізге 125 евро көлемінде демеушілік көмек танытты. Біз тіркелген құжатымызда 147 млн евро деп жоспарладық, демек біз 22 млн евро ұтып отырмыз. Бұл танымал кәсіпорындардыӊ қызығушылық танытып отырғаны өте маӊызды", - деді А.Есімов.

Айта кетейік, алдағы көрме "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен өтеді. Энергияныӊ баламалы көздерініӊ табылу жолдарын таныстырмақ. Үш айы бойы, яғни 2017 жылдыӊ 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін жалғасады. Шараға 100-ге жуық ел қатыспақ.

ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін маӊызды шара - халықаралық көрме ТМД немесе Орталық Азия өӊірінде бұрын соӊды өткен жоқ.

А. Есімов: Қазан айында ЭКСПО-2017 халықаралық павильондары пайдалануға беріледі

Қазан айында ЭКСПО-2017 халықаралық павильондары пайдалануға беріледі, деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында.

"Көрменіӊ ашылуына бір жылдан аз уақыт қалды, бізде нысандардыӊ аяқталуы бойынша уақыт бар. Өткен аптада көрмені Елбасы Н.Назарбаев аралады, ол құрылыс жұмыстарымен мұқият танысып, оӊ бағасын берді", - деді басқарма төрағасы.

Ол айтып өткендей, нысандардыӊ құрылысы жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр.

"Біз халықаралық павильондардыӊ құрылысы бойынша жұмысты аяқталуға жақындадық. Тақырыптық және коммерциялық, ЭКСПО қалашық нысандары дайын. Инженерлік жүйе мен абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздіӊ халықаралық департамент өз павильондарын қалай әрлеу бойынша жұмыстар жүргізуде", - дед ол.

Сондай-ақ, ЭКсПО басшысы қатысу келісімне қол қоюдыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Бүгінде елдермен қатысу туралы 70 келісім орнатылды, өз қатысуларын 99 ел растады, оныӊ 95-і өз комиссарларын бекітті. Егер алғашқыда құрылыс бойынша жұмыс жүргізілсе, қазір контенттік бөлім бойынша елдермен жұмыс жүргізілуде", - деді А.Есімов.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы ұлттық павильон жұмысы аяқталған соӊ контент толтыру бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны