21.03.2018, 20:10 5010

ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды

ЭКСПО көрме кешенініӊ аумағында Наурыз мейрамын тойлауға он мыӊнан астам адам келді

Астана. 21 наурыз. Kazakhstan Today - ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Ұлыстыӊ ұлы күнін тойлау аясында "Нұр Илем" - "Болашақ энергиясы" мұражайыныӊ іргесінде киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылып, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды баяндайтын театрландырылған қойылымдар өткізіліп, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылған. Ийгілі шеберлер зергерлік, кесте тігу өнері, ағашты ою, темірді көркемдеп өӊдеу, дәстүрлі тоқымашылық, қамшы өру және т.б. қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі орындаушылар жұмылдырылған. Қонақтар ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татуда.

Наурыз мейрамы ертеӊ, 22 наурыз күні сағат 10.00-де жалғасын таппақ. ЭКСПО туристік аймағыныӊ нысандары болса, қараӊғы түскенше жұмыс істейді. Мейрамға келген қонақтар "Нұр Илем" - "Болашақ энергиясы" мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағын сағат 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдынын 23.00-ге дейін тамашалай алады.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердіӊ жайлылығы үшін 1000 автоорындық жерасты тұрағы қарастырылған. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істейді, оған кіру/шығу Т. Рысқұлов көшесі жағынан (оӊтүстік кіру тобы) жүзеге асырылады.

***

Көрме аяқталғаннан кейін туристік аймақтағы ЭКСПО-2017 мұрасыныӊ еӊ маӊызды нысаны, сөзсіз, "Нұр Илем" павильон-мұражайы болып табылады. Ол 2017 жылғы қарашада ерекше қорғалатын мемлекеттік сәулет нысаны болып танылды.

Сондай-ақ, "Нұр Илем" шетелдік БАҚ-та елордамыздыӊ жаӊа символы Астананыӊ еӊ жиі ескерілетін туристік нысаны қатарында.

Үздік тәжірибелер аймағы - ЭКСПО-2017 символикалық орталығы. Онда еӊ үздік технологиялар, жобалар мен әртүрлі энергетика саласындағы стратегиялар ұсынылған. Онда өнеркәсіпте, электрқуатын сақтау мен қолдану, климаттыӊ өзгеруімен күрес немесе дамушы елдерде электрэнергиясымен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған.

Көрме кешенініӊ маӊында Конгресс-орталығы орналасқан. Конгресс-орталығында ауқымды мәдени ойын-сауық шаралар, тақырыптық форумдар мен концерттер өткізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Энергия холы - камералық концерттер, өнер топтарыныӊ қойылымдары үшін жоғарытехнологиялық дыбыстық құрылғыларымен жабдықталған, көпфункциялы сахна алаӊы.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны