23.09.2016, 15:25 4603

Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заӊнамалық өзгерістер аясында 5 кодекс пен 19 заӊға өзгерістер енгізілмек

Терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша tӊ бастысы, бұл мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр.

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасымен 5 кодекс пен 19 заӊға өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісініӊ Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетініӊ ұйымдастыруымен "Қазіргі кезеӊдегі экстермизм мен терроризмніӊ алдын алудыӊ және олардыӊ жолын кесудіӊ заӊнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбында дөӊгелек үстел отырысы өтті. Шараға қатысушыларға алғы сөз арнаған Палата Спикері Нұрлан Нығматулин еліміздіӊ қауіпсіздігі мен халқымыздыӊ бейбіт өмірі баға жетпес байлық екенін, оны сақтап, қорғап, одан әрі дамытуға үлес қосу әрбір азаматтыӊ абыройлы міндеті екенін айта келіп, осы салада тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен ауқымды жұмыстардыӊ қолға алынып келе жатқанына айрықша назар аударды. Алайда, бұл қатердіӊ күн өткен сайын белеӊ алуы қазіргі күн тәртібіндегі өзекті сұрақтардыӊ біріне айналғанын алға тарта келіп, Н. Нығматулин: "Терроризм мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемдегі проблема. Сондықтан, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар беріп, оныӊ орындалу жолдарын да көрсетті. Еӊ бастысы, бұл мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр",-деді.

Осыныӊ нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп, сапалы, тиімді және өткір заӊ жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл Палата үшін ерекше маӊызды! Айта кетейік, заӊ жобасын талқылауға Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияныӊ мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда. Заӊ аясында тағы да 5 кодекс пен 19 заӊға өзгерістер енгізілмек.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды. Палата депутаттары назарына бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заӊ жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр. Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты еліміздіӊ монополияға қарсы заӊнамасын жетілдіру және Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты одан әрі күшейтіп, оныӊ нормаларын еӊ озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру. Сондай-ақ, Мәжіліс осы күні "Париж келісімін ратификациялау туралы" заӊ жобасын жұмысқа қабылдайтын болады. Париж келісімі орнықты даму саласындағы мақсаттарға жетуге ықпал етеді және шығарындыларды азайту мен климаттыӊ өзгеруіне тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін шаралардыӊ "жол картасы" болып саналады. Сонымен қатар, Бюро отырысында Экономикалық реформа және өӊірлік даму комитетініӊ Алматы облысында, Илеуметтік-мәдени даму комитетініӊ Қостанай облысында көшпелі отырыстарын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны