23.07.2018, 23:42 4015

"Эл Фриман" көркем фильмі Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге қатысады

"Эл Фриман" көркем фильмі үстіміздегі жылы шілде айыныӊ 21-і мен 28-і аралығында Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге қатысады

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan Today - "Эл Фриман" көркем фильмі үстіміздегі жылы шілде айыныӊ 21-і мен 28-і аралығында Мадрид қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге қатысады. Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған кинотуынды "Үздік оператор" және "Үздік режиссер-дебютант" номинацияларында бақ сынайды.

Режиссер-дебютант Елжас Рақымбеков (шығармашылық лақап аты Михар Сажле) пен Антонио Чавес түсірген картина Лос-Анджелесте американдық үкіметтен жасырынып жүрген иммигранттыӊ өмірі туралы баяндайды.

- Фестивальден тек жақсы жаӊалық күтеміз. "Үздік режиссер-дебютант" жүлдесіне үміткерлер қатарына енгенімізге қуаныштымын. Ирине, жүлделі орыннан көрінетінімізге сенімдімін. Фильмніӊ операторы Эрик Кьонаш "Үздік оператор" жүлдесіне лайық деп ойлаймын, - деді фильмніӊ со-режиссері Елжас Рақымбеков.

Мадрид қаласында жыл сайын өткізілетін халықаралық кинофестивальде түрлі елден келген киноиндустрияныӊ өкілдері, атап айтсақ, жас киногерлер мен кәсіби режиссерлер, дистрибьюторлар мен басқа да мамандар бас қосады. Кинематографияныӊ барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласыныӊ дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көӊіл бөлінеді.

Фильм туралы: Эл - Лос-Анджелесте американдық биліктен жасырынып жүрген иммигрант. Ол өз көлігінде түнеп жүріп, жүк тасушы болып жұмыс істейді. Эл досы Артурмен бірге кілттердіӊ көшірмесін жасап, компанияныӊ бұрынғы клиенттерін тонап, күнін көреді. Бір күні олар бай, бірақ жалғызбасты Амбассадор есімді қариямен танысады...

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Libertus Films

Жанры: драма, криминал.

Ұзақтығы: 77 минут

Режиссёрлері: Елжас Рақымбеков (Михар Сажле), Антонио Чавес

Продюсерлер: Анар Жүнісова, Мариэтта Волынска, Нұрлан Рақымбеков

Сценарий авторы: Елжас Рақымбеков (Михар Сажле), Эрик Кьонаш

Операторы: Эрик Кьонаш

Рөлдерде: Елжас Рақымбеков, Мантас Валантиус, Илім Құлиев, Хал Дион, Аннакейт Чапель

Режиссерлер туралы анықтама:

Елжас Рақымбеков - актёр, сценарист, режиссер. "Либертус" кинолабораториясыныӊ негізін қалаушы (2014, Невада, АҚШ). Халықаралық "Еуразия-2015" кинофестивалі "Work-in-progress" номинациясыныӊ жеӊімпазы ("Эль Фриман" көркем фильмі, Алматы, Қазақстан); Таллин-2015 халықаралық кинофестиваліне қатысқан; Қазақстан киносыншылары қауымдастығы шешімімен "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" номинациясына үміткер болған ("Арман", 2017, реж. Рашид Сүлейменов).

Антонио Чавес Мексиканыӊ "MVS Exa ТВ" телеарнасы үшін көӊіл көтеру бағдарламаларды жарыққа шығаратын ірі компанияларыныӊ бірінде режиссер және продюсер болып қызмет атқарды. Сондай-ақ маркетинг және жарнама салаларында жұмыс істеген. 2009 жылы ол "Carta Entretenimiento" компаниясын құрды.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны