17.04.2013, 12:09 3329

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 21,1 пайызға азайды

2013 жылғы қаңтар-ақпанда республика бойынша көші-қонның оң айырымы қалыптасты. Республикаға келгендер саны кеткендер санынан 559 адамға немесе 21,1 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 21,1 пайызға азайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда республика бойынша көші-қонның оң айырымы қалыптасты. Республикаға келгендер саны кеткендер санынан 559 адамға немесе 21,1 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

2012 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 50 пайызға азайып, 3209 адамды құрады, ал Қазақстаннан кеткендер саны 23,9 пайызға кеміп, 2650 адамды құрады.

Атап айтқанда, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен орын алуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің саны, тиісінше, 2575 (80,2 пайыз) және 2442 (92,2 пайыз) адамды құрады.

"Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 21,1 пайызға азайды және 46,9 (59,4) мың адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 6 өңірінде байқалды: Астана (2378 адам) және Алматы (834 адам) қалаларында, Алматы (989 адам), Маңғыстау (391 адам), Атырау (85 адам) және Павлодар (27 адам) облыстарында",-делінген агенттік мәліметтерінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны