18.03.2011, 14:33 3910

Елбасы Ақтөбеде полиэтилен құбыр зауытының ашылу салтанатына қатысты

Елбасы Ақтөбеде полиэтилен құбыр зауытының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Аөтөбе. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Ақтөбеде полиэтилен құбыр зауытының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Ақтөбе облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Ақтөбеқұрылысхиммонтаж" серіктестігінің полиэтилен құбырларын шығаратын зауытының іске қосылу рәсімі өтті. Бұл жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Кәсіпорын диаметрі 20 мм мен 630 мм аралығындағы жоғары және орта қысымды полиэтилен құбырларын шығаратын болады. Мұндай құбырлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, мұнай-газ саласында кеңінен қолданылады. Өндірісте алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялардың қолданылуы мен жоғары сапалы шикізаттың пайдаланылуының арқасында, зауыттың өнімі халықаралық стандарттардың ең жоғары талаптарына жауап беретін болады.

Зауыттың жылдық қуаты 20 мың тонна полиэтилен құбырын құрайтын болады. Жобаның арқасында 150 жаңа жұмыс орны құрылып отыр.

Бүгін зауыт базасында сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында облыста және қалада жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалардың таныстырылымы болды. Ақпараттық стендтермен танысып шыққаннан кейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстың бизнес-құрылымдарының өкілдерімен, оның ішінде Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалардың басшыларымен, "Бизнестің жол картасы -2020", "Экспорттаушы", т.б. бағдарламаларына қатысушылармен кездесу өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны