21.01.2013, 12:52 3114

Елбасы Астана мен Ақмола облысының шекараларын өзгертуді бекітті

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Астана қаласы және Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжат ресми баспасөз беттерінде жарияланған.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына және Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Астана қаласының шекарасына қосып, Астана қаласының және Ақмола облысының шекаралары өзгертілсін", - делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны