02.02.2011, 16:09 3717

Елбасы Хадиша Бөкееваның өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хадиша Бөкееваның өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хадиша Бөкееваның өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ұзақ та ғибратты ғұмыр кешкен ол кісінің ұлттық театр сахнасында және кинода сомдаған айшықты бейнелерін өнерсүйер қауым қашанда қызыға тамашалап, рухани ләззат алатын. Оның қазақ өнеріндегі алатын өзгеше орны мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды деп ойлаймын",- делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны