05.03.2011, 15:08 5776

Елбасы Қазақстан әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы Қазақстан әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстан әйелдерін 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерін алда келе жатқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаған.

"Шуақты көктем ана мен асыл жар, аяулы қарындастың мейрамымен басталады. Сондықтан мен әуелі баршаңызды алдағы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, баянды бақыт, дүниедегі бар жақсылықты тілеймін",-деді Н. Назарбаев бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезінде сөйлеген сөзінде.

Президент Қазақстанның әйелдері отбасы берекесін сақтаумен бірге Тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. "Сіздер отбасындағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтаушысыздар, сонымен бір мезгілде еліміздің Тәуелсіздігінің нығаюына айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Бүгінгі съезд соның жарқын дәлелі", - деді Елбасы.

Президент ел игілігі үшін істеп жатқан ерен еңбектері үшін әйел азаматтарға алғысын білдірді.

"Қазақстан әйелдері бүгінде Ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын қалыптастыруда, бұл үлес тұрақты түрде өсіп келеді. Ийелдер мемлекеттік басқару жүйесінде де жұмыс істеуде, оннан астам әйелдер министрліктерді басқаруда, жүзден астамы депутат болды, мен осы әйел азаматтардың ел игілігі үшін берген кеңестеріне ризашылығымды білдіремін", - деді Н. Назарбаев.

"Біз жақында жетінші қысқы Азия ойындарындағы жарқын жеңістің куәсі болдық. Біздің құраманың Азиадада жеңіп алған барлық медальдарының 40 пайызы қыздардың үлесінде", - деді Президент.

"Мен сіздерге мемлекеттік құпияны ашқым келеді. Маған Экономикалық даму және сауда министрі баяндағандай, әйелдердің өзіне жұмсайтын барлық шығындары елдің қару-жараққа жұмсайтын шығынынан асып түседі. Өйткені әйелдер әр күні жеңіске жетуі тиіс", - деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы Ийелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан әйелдерінің съезін өткізуде.

Съезд ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және 8 наурыз Халықаралық әйеледр күніне арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны