20.02.2007, 16:11 3178

Елбасы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс тобын басқарады (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Конституцияға қазақстандық саяси жүйені одан әрі демократияландыру аясында енгізілетін түзетулердің жобасын әзірлейтін жұмыс тобын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын болды. Бұл туралы бүгін жұмыс тобының президенттің қатысуымен өткен бірінші отырысының аяқталуына орай өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұмыс тобы басшысының орынбасары болып Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов тағайындалды.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, ғалым-заңгерлер, конституциялық құқық және саяси жүйе саласының мамандары кірді.

"Жұмыс тобының бірінші отырысына арқау болған мәселе - президенттік басқару нысаны аясында парламенттің құзыретін кеңейту мүмкіндіктерін барынша кеңінен қолдану қажеттігі болды",- деді И.Рогов брифингте. "Жұмыс тобы демократия ұғымын биліктің өкілетті органдары үстемдік құруы сияқты сыртқы белгілермен бірыңғай теңестіруге болмайды және демократия дегеніміз барлық мемлекеттер тек қана парламенттік республика схемасына бағынуға тиіс дегенді білдірмейді деген пайымды басшылыққа алды",- деді ол.

"Топ мүшелері мемлекетті, мемлекеттік билікті сақтап қалу, парламенттің құзыреті аясын жоғары деңгейде кеңейте отырып, сонымен біруақытта басқару желісін үзіп алмау айрықша маңызды деген ортақ пікірде",- деді Конституциялық кеңес төрағасы.

И.Роговтың айтуынша, бірінші кезекте үкіметті жасақтауға парламенттің қатысуы туралы мәселе қозғалған. "Мемлекеттік комиссия үкімет басшысын тек төменгі палата- мәжілістің келісімімен ғана тағайындау керек деген ұсыныс енгізді. Президент өз кезегінде үкіметті жасақтау мен үкімет басшысын тағайындауда парламенттегі басым топтың пікірімен артықша санасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды",- деді ол. Осыған байланысты бұдан былай президент үкіметті жасақтау процессіне тікелей қатысатын мәжілісті негізінен тарата алу құқығына ие болуы қажет деген ұсыныс жасалды. Ал қазір парламентті толық таратуға болады. Соған сәйкес, егер, басты ауыртпалық мәжіліске жүктелетін болса, онда бұл дұрыс па деген сауал туындайды",- деді И.Рогов. "Палаталар арасындағы өкілеттілікті қайта тарату мәселесін де қарау қажет",- деді ол.

Қандай сайлау жүйесіне, мажоритарлық, пропорционал немесе аралас жүйелерінің қайсысына артықшылық беру қажет деген сауал да пікірталас тудырады, деді И.Рогов. Оның айтуынша, "жұмыс тобының мүшелерінің басым бөлігі пропорционал сайлау жүйесін жақтайды".

Сонымен қатар сот жүйесін реформалау мәселесі де қаралған. "Конституция нақтылықтарға толы, әзіресе бұл сот жүйесіне қатысты. Реформалауды тежейтін ережелер көп деген пікірді мүшелердің көпшілігі білдірді",- деді И.Рогов.

"Мемлекет басшысы Конституцияның мемлекеттік органдарға қатысты тілін мейлінше айқын әрі қысқа да нұсқа сипатқа көшіріп, мүмкін тұстарда нақтылықтан жалтару қажет деген пікір білдірді",- деді ол.

"Жұмыс тобына бірден екі бағытта жұмыс істеу ұсынылды, президент сатылы түрде емес, қолданыстағы Ата заңның әлеуетін жүзеге асыратын және Ата заңға өзгерістер енгізетін заңдарды параллель біруақытта қабылдау қажет деген пікірде. Президенттің пайымдауынша, екі бағытта бір уақытта, бір арнада жұмыс істеу қажет",- деді И.Рогов.

"Жұмыс тобы барлық жұмыстарды 3-4 айда бітірмекші. Уақыт тым тығыз, бірақ біз үлгереміз деп ойлаймын",- деді И.Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны