27.01.2015, 20:41 3848

Елбасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын және танымал педагог-хореограф, Ресей Федерациясыныӊ Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласыныӊ елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын қажетті жағдайларды жақсартудыӊ маӊыздылығын атап өтті

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today -Кездесу барысында отандық мәдениет және балет өнерініӊ Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласыныӊ елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын қажетті жағдайларды жақсартудыӊ маӊыздылығын атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ел ішінде де, сыртта да мойындалып үлгерген қазақстандық мәдениеттіӊ әлеуеті зор екеніне назар аударды.

А.Асылмұратова өзін қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарлары жөнінде және болашақта еліміздіӊ шығармашылық ұжымдарымен ынтымақтасуға дайын екендігін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны