11.07.2018, 18:00 4004

Елбасы Маӊғыстау халқына алғыс айтты

Ұлтаралық келісімді ту еткен Қазақстан үшін достық пен бейбітшілік басты байлық саналады.Осыған орай, Маӊғыстау өӊірі сыйлаған Достық үйі татулығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздыӊ береке-бірлігін бекемдей түседі деп сенемін. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Ақтау. 11 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊатынан алғыс хат алды. Мемлекет басшысы Маӊғыстау облысыныӊ жұртшылығын Астананыӊ 20 жылдығымен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді.

Елбасыныӊ Маӊғыстаулықтарға жолдаған алғыс хатында "Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы саналатын бас қаламыздыӊ айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еӊселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыздыӊ жұмылы атсалысты.

Биыл бас қаланыӊ туған күніне орай "Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Маӊғыстау облысы да өз үлесін қосты. Ұлтаралық келісімді ту еткен Қазақстан үшін достық пен бейбітшілік басты байлық саналады.Осыған орай, Маӊғыстау өӊірі сыйлаған Достық үйі татулығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздыӊ береке-бірлігін бекемдей түседі деп сенемін. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!" делінген.

Достық пен бейбітшіліктіӊ символына айналған бұл ғимарат Астана қаласындағы Алматы ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 24 үйде орналасқан. Жобаныӊ іске асырушысы - "Достық-Қазақстан" қоғамдық қоры.

Жаӊа Достық үйі үш қабаттан тұрады. Ғимараттыӊ бірінші қабатында көрме залы, акт залы, "Қоғамдық келісім" КММ-ніӊ және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қоғамдық құрылымдарыныӊ бөлмелері бар. Екінші қабатында конференц-зал, мұражай, этномәдени бірлестіктердіӊ бөлмелері көздіӊ жауын алып тұр. Хореографиялық зал, вокаль студиясы, асхана, қызметкерлер бөлмесі цокольды қабатта орналасқан. Қонақтар және қыз-меткерлер үшін арнайы ыӊғайлы автотұрақ жасалған. Аталмыш ғимараттыӊ жан-жағы абаттандырылып, көгалдандырылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшесі Салман Героев Бас қаламыздағы этномәдени бірлестіктердіӊ атынан Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай жасаған керемет сыйлық үшін Елбасы Н.И.Назарбаевқа өз алғысын жеткізді.

Маӊғыстау облысыныӊ бас қаламызға тартуы - Астананыӊ ажарын көркейте түсері анық.

Еӊсесі биік Елордамыз Маӊғыстау өӊірі сыйға тартқан Достық үйі ғимаратымен бірге жаӊарып, жасара берері хақ.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны