22.01.2018, 21:59 5110

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтіӊ қайтыс болуына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

"Жексенбек Еркімбеков белгілі музыкант және мәдениет пен өнер саласыныӊ талантты ұйымдастырушысы еді. Ол он жылдан астам еліміздіӊ Мәдениет министрлігін басқарып, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздіӊ дамуына зор үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтіӊ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет қайраткері Жексенбек Еркімбековтіӊ туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айтты.

"Жексенбек Еркімбеков белгілі музыкант және мәдениет пен өнер саласыныӊ талантты ұйымдастырушысы еді. Ол он жылдан астам еліміздіӊ Мәдениет министрлігін басқарып, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздіӊ дамуына зор үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтіӊ еӊбегі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардыӊ жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны