23.01.2015, 21:15 3868

Елбасы Сауд Арабиясыныӊ Королі Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудқа Қос киеніӊ сақшысы, Король Абдалла бен Ибдел Изиз Ил Саудтыӊ қайтыс болуына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудқа және барша Сауд Арабиясы халқына көӊіл айтты.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жеделхатта сауд монархыныӊ қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысыныӊ зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті Король Абдалланыӊ өз өмірін Сауд Арабиясы халқыныӊ, бүкіл ислам жамағатыныӊ мүддесін қорғауға, адамзаттыӊ әділдік пен ізгілік жолындағы дамуына арнағанын атап өткен, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

"Қазақстан халқы Король Абдалланы парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еӊбек сіӊірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудқа және барша Сауд Арабиясы халқына көӊіл айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны