11.07.2018, 14:44 4506

Елбасы Түркістан облысыныӊ әкімі мен халқына алғысын білдірді

"Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Түркістан облысыныӊ елордаға жасаған ерекше сыйы ел Президентініӊ айрықша көӊілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысыныӊ әкімі мен өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

Түркістан. 11 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Түркістан облысыныӊ елордаға жасаған ерекше сыйы ел Президентініӊ айрықша көӊілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысыныӊ әкімі мен өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

Таяуда Астананыӊ 20 жылдығына орай, бірқатар облыстардыӊ атсалысуымен елордада жаӊадан 56 шақырым веложол салынған болатын. "Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Есіл өзенініӊ жағалауынан Д.Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысыныӊ атсалысуымен жүзеге асты. Бұл жол Есіл өзенініӊ бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенініӊ нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаӊғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен "жасыл белдеу" арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған "ақылды инфрақұрылыммен" жабдықталған.

Нұрсұлтан Назарбаев өз хатында былай деп жазады:

"Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаевқа

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

Сізді және бүкіл Түркістан облысыныӊ жұртшылығын Астананыӊ 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанныӊ символы саналатын бас қаламыздыӊ айтулы мерейтойы - барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еӊселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

"Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" жобасы аясында Түркістан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаныӊ маӊызды құрамдас бөлігі саналады.

Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өӊір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны