27.01.2012, 15:01 3831

Елбасы үкіметке 1-шілдеге дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныс енгізу туралы тапсырма берді

"Үкіметке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығының сау болуына ниетті жауапкершілігі тетіктерін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныс енгізуі тиіс. Адам бүгінде науқастану тиімсіз екендігін түсінуі қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы үкіметке 1-шілдеге дейін денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныс енгізу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

"Үкіметке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығының сау болуына ниетті жауапкершілігі тетіктерін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныс енгізуі тиіс. Адам бүгінде науқастану тиімсіз екендігін түсінуі қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде медицина мекемелерінде қаралу азаматтарымыз үшін тегін, дегенмен болашақта ол сақтандыру медицинасына айналмақ. Яғни, қазіргі таңдағы зейнетақы қорлары сынды азаматтар өз денсаулығына өзі жауап беретін болады. Демек, денің сау болса, сақтандыру сомасы да төмендейді деген сөз.

"Сондықтан да бізге енгізу қажет. Қазіргі уақытта біз алғашқы қадам жасадық, адамдар жақсы емдейтін, дәрігерлері білікті медициналық мекемелерге баратын болды. Ал енді одан әрі жылжуымыз қажет", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны