20.09.2006, 19:13 2867

Елбасы жарылыс салдарынан қаза тапқан 32 кеншінің отбасына көңіл айтты

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МитталСтил Теміртау" АҚ-ының көмір шахтасында жарылыс салдарынан қаза тапқан 32 кеншінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осынау қиын-қыстау сәтте қазақстандықтар Қарғандылық кеншілердің басына түскен ауыр қайғыға ортақтасады",- делінген жеделхатта.

Президент үкіметке қайғылы оқиғаның себептерін тексеретін комиссия құрып, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны