13.01.2018, 21:20 5479

Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады

Шымкент. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы Н.И.Назарбаев биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса түйткілді мәселелерді көтерді. Бүгін бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, маӊызды құжатта индустрия, жаӊа технология, цифрландыру жүйесі, логистикалық инфрақұрылым, қаржы секторы, адам капиталы, тиімді мемлекеттік басқару, заӊ үстемдігі сынды 10 бағыт бойынша бірігіп жұмыс істеу керектігі баяндалған. Қоғам қайраткері Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға ел болып атсалысу керектігін айтты.

"Мемлекет басшысы Жолдауда бірнеше бағыттар бойынша мәселе көтерді. Осы аталған тапсырмалар аясында жұмыс істеп, межелерді орындасақ, әлемдегі дамыған елдердіӊ қатарынан көрінетін боламыз. Елбасы барлық салада заманауи технологияларды, цифрлы жүйені пайдалану керектігін ұсынды. Бұл заман талабы. Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады", - деді Шалатай Мырзахметов.

Президент барша қазақстандықтарға жүктеліп отырған міндеттіӊ бірі - агроөнеркәсіп кешенін жаӊа технологиялық деӊгейге көтеру екенін атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығында еӊбек өнімділігі мен өӊделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді.

Баспасөз мәслихатына қатысқан М.Иуезов атындағы ОҚМУ проректоры Қанат Байболов Оӊтүстік Қазақстан облысы аграрлық өӊір ретінде озық технологияны пайдалануды арттыра түсу қажеттігін айтты.

"Жолдауда Елбасы 10 бағыт бойынша жұмыла еӊбек ету керектігін тапсырды. Соныӊ ішінде IT саласы, ауылшаруашылық мамандықтарын даярлайтын жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларын жаӊартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен тәжірибені тарататын орталыққа айналу керектігіне тоқталды. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында М.Иуезов атындағы ОҚМУ-да IT-орталық құрылып, қазіргі таӊда бірнеше жоба іске асырылуда", - деді Қанат Сейітжанұлы.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар журналистердіӊ сұрақтарына жауап беріп, Елбасы Жолдауын халық арасында кеӊінен насихаттауға шақырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны