03.06.2014, 20:20 3150

Елбасының бастамасымен біз еуразиялық дәрежедегі оқу орны атандық - Е. Сыдықов

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық оқу орнында Ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалығымен өткен жиынға мекеменің жетекші профессорлары қатысты.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық оқу орнында Ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалығымен өткен жиынға мекеменің жетекші профессорлары қатысты.

Университеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, күн тәртібінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою мәселесі қаралды. Келелі отырысқа қатысушылар Қазақстанның Одақтан алатын пайдасын талқылады.

"Ұлы еуразияшыл Лев Гумилевтың есімі біздің оқу орнымызға берілгені символикалық тұрғыда мәнді. Алғаш рет ЕАЭО құру туралы идеясын осыдан 20 жыл бұрын мемлекет басшысы М. Ломоносов атындағы ММУ қабырғасында айтқан болатын. Кейін екі жыл өткен соң біздің оқу орнымыз ашылып, ол еуразиялық болды", - деді сөз басында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Оның айтуынша, ЕАЭО туралы шартқа қол қою ол заңды жаңалық болды.

"Мақтанарлық жайт, ол біздің елордамыз Астанада өтті. Илемде мұндай ұйымдар көп және олардың басым бөлігінің қызметі тиімді. Одаққа мүше мемлекеттердің құқығы бірдей тең. Айта кетерлік жайт, Қазақстанның бұл одақтан ұтары көп. Осы ретте еліміздің бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор деп айтпай кетуге болмас", - деді ректор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны