09.10.2018, 12:55 4392

Елбасыныӊ Қазақстан халқына Жолдауына арналған Жамбыл облыстық актив жиналысы өтті

Өӊір басшысы Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындауға барша жамбылдықтарды шақырып, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардыӊ мерейлі міндеті екенін баса айтты.

Тараз. 9 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Таразда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Жамбыл облыстық актив жиналысы өтті. "Баласағұн" орталық концерт залында өткен алқалы жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндама жасап, басты құжат аясында өӊір аумағында атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы xабарлады.

Асқар Исабекұлы қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудыӊ маӊыздылығын атап өтіп, ондағы халық табысыныӊ өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтыӊ еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді алты басымдыққа жекелей тоқталды.

Өӊір басшысы Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен талаптарды жұмыла орындауға барша жамбылдықтарды шақырып, ел дамуына елеулі үлес қосу әрбір қазақстандықтардыӊ мерейлі міндеті екенін баса айтты.

Жиын барысындағы жарыссөз кезегінде әр сала өкілдері сөз алып, Жолдаудағы игі мақсаттарды зор ықылас пен қабылдағандарын жеткізіп, өздерініӊ орамды ой-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны