30.10.2009, 12:12 2775

Елбасының тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретіндігіне байланысты байланыс орталығы ашылды

Елбасының тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретіндігіне байланысты байланыс орталығы ашылды

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретіндігіне байланысты Бейбітшілік және келісім сарайында байланыс орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 13-қараша күні республикалық телеарналары мен радиолары бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телеэфир, телефон, интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады. Президенттің атына сұрақтар қазірден бастап келіп түсуде.

Қазақстан тұрғындары өз сұрақтарын сall-орталыққа бүкіл республика бойынша біртұтас 555-777 нөміріне тегін хабарласу арқылы қоя алады. Сондай-ақ, Елбасына сұрақ қоюға ниеті барлар www.akorda.kz сайтында, электронды үкіметтің мемлекет басшысымен тікелей желіге орай арнайы құрылған арнаулы порталға - www.line.gov.kz., [email protected] электрондық мекен-жайына жолдай алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны