05.02.2019, 16:56 8562

Елбасы кітапханасы музейінде "Иран калиграммасы" көрмесінің ашылу салтанаты өтеді

Иран калиграммасы - каллиграфияның ажырамас бөлігі.Мұсылман мәдениетінде бейнелеу өнерінің өзіндік бағыты, едәуір даму қарқыны байқалады. Әрбір калиграмма көркемділігі мен мазмұндық сәйкестігімен үйлеседі.

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 5 ақпан күні сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында (Астана қ., Бейбітшілік 11) Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған "Иран калиграммасы" көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрмені Елбасы кітапханасы "Мәдениет арқылы үнқатысу" халықаралық жобасы аясында Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе ұйымдастырды.

Иран калиграммасы - каллиграфияның ажырамас бөлігі.Мұсылман мәдениетінде бейнелеу өнерінің өзіндік бағыты, едәуір даму қарқыны байқалады. Әрбір калиграмма көркемділігі мен мазмұндық сәйкестігімен үйлеседі. Суретшінің негізгі міндеті - жазбадағы сырт көрерменқабылдауы мен рухани тереңдікті тауып, жеткізу. Калиграмма авторының идеясын түйсіну шығарманың терең символизмін көрсетеді.

"Иран калиграммасы" көрмесінде суретші Саид Хушманештің Астанадағы арнайы көрме үшін 3 жыл бойы дайындаған 40-қа жуық картиналары ұсынылатын болады. Саид Хушманеш бүкіл кәсіби және шығармашылық ғұмырын каллиграфия өнеріне арнаған. Өз ісінің шебері ретінде ол жиған тәжірибесін Ирандағы бірнеше университет студенттеріне үйретіп келеді. "Каллиграфияны оқыту өнері" кітабының авторы. Қазіргі кезде "Өнер философиясы" мамандығы бойынша докторантура мамандығын тәмамдап жатыр.

"Иран калиграммасы" көрмесі - Елбасы кітапханасы және Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшілігі арасындағы ынтымақтастық тарихындағы алғашқы оқиға. Ұйымдастырушылар осы көрме арқылы музейге келушілер бейнелеу өнерінің қыр-сырына қанығады деп сенім артуда.

"Иран калиграммасы" көрмесі 2019 жылдың 10 ақпанына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны