05.07.2019, 16:45 10415

Елбасының Қоры ауыл оқушыларына 100 грант бөлді

Іс-шара барысында 2020 жылы Бурабайда орналасатын "IQanat Kazakh-English High School" жаңа мектебінің ашылуы туралы жарияланды. Жаңа мектепте жыл сайын тек "IQanat" олимпиадасының 100 озат қатысушысы оқитын болады.

Нұр-Сұлтан. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры "IQanat Kazakh-English High School" мектебінде оқу үшін ауылдың 100 оқушысына грант берді.

Грант иегерлері жуырда Назарбаев Университетінде I Республикалық "IQanat" ауылдық мектеп оқушылары слетының жабылуында анықталды. Қалған балаларға онлайн білім алу үшін оқу бағдарламасы енгізілген планшеттер сыйланды.

Жалпы 701 ауылдық мектептердің 9-сынып оқушылары қатысқан слет аясында математика, физика, ағылшын тілі және эссе жазудан 12 жеңімпаз анықталды. Олар құнды жүлделермен қатар, Қазақстанның және әлемнің беделді жоғары оқу орындарына грантқа түсуге мүмкіндік алды.

Олимпиадаға қатысқан 14 облыстың ішінен Жамбыл облысы ең көп жүлделері орынға ие болды. Облыс еншісінде ағылшын тілі мен физика пәндерінен екі 2-орын және эссе жазу байқауында 1-ші орын. Шығыс Қазақстан облысы математика пәнінен 1-ші және 3-ші орында. Қатысушылар саны аз Маңғыстау облысының балаларында физикадан екі жүлделі орын. Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Алматы облыстарының оқушылары төрт пәннен бір-бір жүлдеден алды.

Іс-шара барысында 2020 жылы Бурабайда орналасатын "IQanat Kazakh-English High School" жаңа мектебінің ашылуы туралы жарияланды. Жаңа мектепте жыл сайын тек "IQanat" олимпиадасының 100 озат қатысушысы оқитын болады.

Алғашқы жүздіктің оқу гранттарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев және "IQanat" Білім беру қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Айдын Рахымбаев табыстады.

Әсет Исекешев дарынды жастарды қолдауды алдына міндет қойған Қордың жаңалықтарымен де бөлісе кетті.

- Елбасы қоры ел болашағы үшін маңызды бірқатар бастамаларды қолға алды. Оның бір бағыты - талантты, дарынды жастарды жүйелі түрде қолдауға арналған. Мысалы, ауыл жастарын қолдайтын "Мың бала" жобасы іске аса бастады. Оның аясында жыл сайын ауылдың дарынды бір мың баласына грант бөлініп, олар білімін үздік мектептер мен жоғары оқу орындарында шыңдайтын болады. Бұл сіздерге асқақ арман, өмірлік биік шыңдарды бағындыруға көмектеседі", - деді Әсет Исекешев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны