09.07.2018, 19:38 3297

Елдіӊ барлық мемлекеттік органдарына жетілдірілген электронды қызметтік куәліктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ барлық қызметкерлері үшін пилоттық режимде ID-карталар енгізілгені туралы бұдан ерте хабарланған болатын.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Дижитализация мемлекеттік қызметшілердіӊ тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді

Алик Шпекбаевтыӊ төрағалығымен қызметтік куәліктердіӊ жаӊа форматы - мемлекеттік қызметшілердіӊ ID-карталарын енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы өткізілді.

Отырыс ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органныӊ, ІТ қоғамдастықтар өкілдерініӊ қатысуымен өтті.

Цифрлық қызметтік куәлікті (ID-карталар) әзірлеу және енгізу мемлекеттік қызметшініӊ ЭЦҚ-ын имплементациялауды және "Е-Қызмет" ЫАЖ бірыӊғай басқару орталығымен мемлекеттік органдардыӊ Кіруді бақылау және басқару жүйелерін (КББЖ) біріктіруді көзейді.

ID-карталардыӊ "Е-Қызмет" ЫАЖ жүйесімен интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардыӊ әкімшілік ғимаратына кіру мүмкіндігі пайда болады, бұл өз кезегінде рұқсаттама бюроларын ұстауға кететін шығындарды оӊтайландыруға жағдай жасайды.

Отырыста пилоттық режимде жаӊа электрондық қызметтік куәліктіӊ басқа да мүмкіндіктері көрсетілді.

Тестілеуден өткен ID-карталар мемлекеттік қызметшініӊ ЭЦҚ-сын имплементациялау арқылы мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерінде электрондық форматта құжаттарға қол қоюға мүмкіндік туғызады.

Ұсынылған тәсілдер жұмыс тобыныӊ тарапынан мақұлданды.

Сондай-ақ, жұмыс тобыныӊ мүшелері мемлекеттік қызметшілердіӊ жұмыс уақытын есепке алу және бақылау үшін инновациялық шешімдерді қолдану (компьютерлік бағдарламалар мен қосымшалар) бойынша ұсыныстар берді.

Бұл қызметкерлердіӊ нәтижелілігі, өнімділігі мен тиімділігін мониторингтеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдайлардыӊ орын алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік жасайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ барлық қызметкерлері үшін пилоттық режимде ID-карталар енгізілгені туралы бұдан ерте хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта елдіӊ барлық мемлекеттік органдарына жетілдірілген электронды қызметтік куәліктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны