12.07.2013, 11:36 4353

Елдің оңтүстігінде бақша дақылдарынан рекордтық өнім жиналмақ

Оңтүстік Қазақстанның шаруалары маусым басталғалы бері 300 мың тонна қарбыз бен қауын жинады.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today - Елдің оңтүстігінде бақша дақылдарынан рекордтық өнім жиналмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстанның шаруалары маусым басталғалы бері 300 мың тонна қарбыз бен қауын жинады.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 112 тоннаға артық.

Жиналған өнім барлық облыстардың қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті екеніне оңтүстіктік дихандар сенімді. Оның бір бөлігі күн сайын еліміздің солтүстік аймақтарына, ТМД елдеріне тасымалданады.

Айта кеткен жөн, биылғы жылы өңірде 53 мың гектар алқапқа бақша дақылдары отырғызылды. Бүгінде ОҚО елімізді 70 пайызға аталмыш өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Биыл да аймақта 1 миллион тоннадан астам бақшы дақылдары жиналады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны