20.04.2012, 14:14 3297

Елдің оңтүстік, оңтүстік-батыс және шығысында тұрақсыз ауа рай күтілуде - синоптиктер

Түнде Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау және Қостанай облыстарының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-батыс және шығысында атмосфералық ағымдардың ығысуымен, жекелеген жерлерде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түнде Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау және Қостанай облыстарының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында - күндіз кей аймақтарда найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алдағы тәулікте Жайық, Петропавлдан төмен Есіл және Ресеймен шекарадағы Тобыл өзендерінде су тасқыны жағдайы мен су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су көлемінің ауытқулары болуы ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны