16.04.2008, 18:23 3277

Electricite de France Қамбар ата су электр станциясына қажетті инвестиция көлемін анықтайды

Electricite de France Қамбар ата су электр станциясына қажетті инвестиция көлемін анықтайды

Бішкек. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Electricite de France Қамбар ата су электр станциясына қажетті инвестиция көлемін анықтайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамына жоба жетекшілері, инженерлік мамандықтардың сарапшылары кірген жеті адамнан тұратын топ нысанның жағдайымен, жобалық құжаттармен танысады. Құжаттар ағылшын тіліне аударылады. 30 сәуірге дейін созылатын сапар барысында делегация Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігінің өкілдерімен, Қамбар ата-2 су электр станциясының құрылысшыларымен жүздеседі. Қамбар ата-1 су электр станциясы салынатын жерге барып, Қамбарата-2 су электр станциясының құрылысымен танысады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қамбарата-1 және Қамбарата-2 су электр станцияларының құрылыс жобасының инвестициялық негіздемесін дайындау шартын жасау құқына ие болу байқауы Ресей, Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің арасында үкіметаралық деңгейде қабылданған шешімдерге сәйкес өткізілген. Оны ұйымдастыруға қарапайым серіктестік құрылған. Оған "ИНТЕР РАО ЕЭС" ЖАҚ, "Электр станциялары" ААҚ мен "ҚазҚуат" АҚ кірген. Былтыр 29 желтоқсанда Мәскеу қаласында байқау комиссиясының мүшелерінің шешімі бойынша Electricite de France пен PriceWaterHouseCoopers компанияларының бірлескен өтініші байқау жеңімпазы деп танылды.

Байқауға үш халықаралық инжиниринг компаниясы қатысты. Олар: PriceWaterHouseCoopers-пен бірлескен Electricite de France (Франция), SNC-LAVALIN INTERNATIONAL INC. (Канада) және Mott MacDonald Limited (Ұлыбритания). Қабылданған өтініштер бірқатар критерийлер бойынша бағаланды. Олардың арасында жұмыс жасау мерзімі мен оның құны, ұқсас жобалар жасау тәжірибесі, мамандарының біліктілігі, компанияның іскерлік абыройы мен оның ресурстармен қамтамасыз етілуі бар. Биыл 8 сәуірде жеңімпаз компаниямен жұмыс жасау шарты жасалынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны