23.01.2012, 10:45 3351

Электронды үкімет порталы 10 миллионнан астам анықтама берген

Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет қысқа мерзім ішінде "электронды үкіметтің" мемлекеттік инфрақұрылымын жасап, ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік билік орган жүйелерін бірыңғай кешенге ықпалдастыра білді. Қазіргі таңда электронды үкімет порталы қазақстандықтарға 10 миллионнан астам анықтама беріп үлгерген.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Электронды үкімет порталы 10 миллионнан астам анықтама берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет қысқа мерзім ішінде "электронды үкіметтің" мемлекеттік инфрақұрылымын жасап, ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік билік орган жүйелерін бірыңғай кешенге ықпалдастыра білді. Қазіргі таңда электронды үкімет порталы қазақстандықтарға 10 миллионнан астам анықтама беріп үлгерген.

Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты Pm.kz хабарлағандай, 2006 жылдың 12 сәуірінде "электронды үкімет" өз жұмысын бастады. Порталдағы бірінші электронды қызмет 2007 жылы пайда болды.

2011 жылдың наурыз айында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ИТАР-ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы "электронды үкіметті" дамытудың "Электронды үкімет" порталы арқылы 74 интерактивті қызмет пен 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.

2011 жылдың басында БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Департаменті жариялаған электронды үкімет технологияларын пайдалану бойынша елдердің дайындығына жасалатын рейтингке (Global e-Government Survey 2010) сәйкес, 2011 жылы "электронды үкіметті" дамыту бойынша Қазақстан 2008 жылмен салыстырғанда (81 орын) 35 сатыға жоғарлап, 192 елдің арасынан 46 орынға шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны