30.06.2018, 01:01 4279

Электрондық үкімет порталында автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттыӊ скан-нұсқасын ұсынудыӊ қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердіӊ барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаӊа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.

Егер азаматтыӊ электрондық-цифрлық қолтаӊбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелеріне бармай-ақ,автокөліктерін электрондық үкімет порталында рәсімдей алады.

"Ведомствоаралық комиссияныӊ аясында біз мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру жұмыстарын жүргізудеміз. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келе жатқандықтан, біз бұл қызметті электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаӊашылдық қызмет алушылардыӊ уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздіӊ корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетілді", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" басқармасыныӊ төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтінім бергенде, ешқандай құжаттыӊ скан-нұсқасын ұсынудыӊ қажеті жоқ, себебі қажетті мәліметтердіӊ барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

"Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеӊілдетпекпіз", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Исет Тұрысов.

Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзініӊ ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соӊ мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастаған болатын. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудіӊ қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы рет тіркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігініӊ мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудіӊ және психиатр, наркологтан анықтама әкелудіӊ қажеті жоқ. Ал азаматтыӊ ЭЦҚ-сы болса, жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте ауыстыруға болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны