01.02.2012, 09:49 4184

Еліміз 12 жылдық білім беруге 2015 жылы көшеді

Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2015 жылы көшуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов министрліктің кеңейтілген алқа отырысы барысында.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Еліміз 12 жылдық білім беруге 2015 жылы көшеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Bnews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2015 жылы көшуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов министрліктің кеңейтілген алқа отырысы барысында.

"2015 жылы 12 жылдыққа көшуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, осы мәселені қоғамдық талқылауға шығарудың уақыты жеткен сияқты. Мен осы бағытта министрліктің көп тер төккенін білемін, Назарбаев зияткерлік мектептері де көп жұмыс жасауда. Біздер бұл мәселені бірігіп талқылап, параметрлерін келісуіміз керек. Себебі әлемде түрлі тәжірибелер бар, солардың қайсысы біз үшін тиімді екенін түсініп, ең үздігін өзіміздің жүйемізге пайдаланып, соның негізінде 12 жылдық білім беру бағдарламасына көшу қажет", - деді БҒМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны