07.09.2018, 23:38 6880

Еліміз 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйек айыныӊ екінші жексенбісінде "Отбасы күні" мейрамын атап өтеді

Мемлекет Басшысыныӊ өкімімен жыл сайын өткізілетін "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы осы атаулы күнге орай мәреге жетеді. Бес жылдық тарихында байқауға 11 993 отбасы қатысса, оныӊ 60 % (7172 отбасы) ауылдық жерде тұратын отбасылар. Сондай-ақ, барлық қатысушылардыӊ 37 % (4479) көп балалы отбасылар, 18% (2128) жас отбасылар, 17% (2076) еӊбек әулеттері және 7% (822) басқа ұлт өкілдері.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентiнiӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшелері және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсын өткізу сұрақтарына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымыныӊ орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ, Қазақстан Республикасыныӊ мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА қатысты.

Еліміз 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйек айыныӊ екінші жексенбісінде "Отбасы күні" мейрамын атап өтеді. Мемлекет Басшысыныӊ өкімімен жыл сайын өткізілетін "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы осы атаулы күнге орай мәреге жетеді.

Конкурс осымен бесінші рет өткізілуде.

Ұлттық комиссия төрағасыныӊ орынбасары, Орталық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Ләззат Сүлеймен атап өткендей, биыл Ұлттық конкурсқа 2952 отбасы қатысты, бұл көрсеткіш 2014 жылы өткен алғашқы байқаумен салыстырғанда 2,3 есеге көп.

Бес жылдық тарихында байқауға 11 993 отбасы қатысса, оныӊ 60 % (7172 отбасы) ауылдық жерде тұратын отбасылар. Сондай-ақ, барлық қатысушылардыӊ 37 % (4479) көп балалы отбасылар, 18% (2128) жас отбасылар, 17% (2076) еӊбек әулеттері және 7% (822) басқа ұлт өкілдері.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова брифингке қатысушыларға Конкурстыӊ ақтық сынына шыққан 16 отбасы туралы әӊгімелеп берді.

Бүгінде Ұлттық комиссия отбасы тәрбиесіндегі әкеніӊ рөлін арттыру, балалардыӊ бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда әкеніӊ рөлін нығайту мәселесіне қоғамныӊ назарын арттыру, "Рухани Жаӊғыру" аясында ұрпақтыӊ білімге құштарлығын ояту сияқты жайттарға ерекше назар аударуда.

Бұл туралы Ұлттық комиссияныӊ мүшесі, Парламент Мәжілісініӊ депутаты Бақытбек Смағұл айтып берді.

"Мерейлі отбасы" конкурсыныӊ финалдық кезеӊінде жеӊімпазды анықтауға СМС-хабарлар арқылы және kaztube.kz сайтында интерактивті дауыс беру арқылы еліміздіӊ барлық азаматтары тікелей қатыса алады.

Дауыс беру қорытындысы 2018 жылғы 8 қыркүйекте "Қазақстан" ОКЗ-да өтетін салтанатты жиында жарияланады. Жеӊімпазға "Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсыныӊ лауреат атағы беріледі.

Конференцияда мәлім болғанындай, Мемлекет басшысыныӊ өкіміне сәйкес жыл басынан бері елімізде "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсыныӊ финалистерін іріктеу жүріп жатыр. Бұл 2014 жылдан бастап бес жыл бойы өткізілетін жыл сайынғы конкурс. Осы уақыт ішінде конкурсқа 12 мыӊға жуық отбасы (11 993) қатысты.

Статистика бойынша барлық қатысушылардыӊ 60 пайыздан астамы - ауылдық жердіӊ өкілдері, 30 пайыздан астамы - көп балалы отбасылар және 20 пайыздан астамы - жас отбасылар.

Биылғы жылы конкурсқа қатысуға республиканыӊ барлық өӊірлерінен 2 952 отбасы өтінім берді. Дәстүр бойынша финалға 16 отбасы шықты, олардыӊ жартысынан астамы -көп балалы еӊбеккер отбасылар.

1. Астананы дәрігерлер отбасы Ерекешовтар ұсынады.

Отағасы Ерекешов Асылжан медицина саласында

26 жыл бойы еӊбек етіп жүрген ассистент-профессор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ штаттан тыс бас неонатальды хирургы. Астана қаласында ғана емес, басқа да өӊірлерге шығып, балаларға ота жасайды. "ЭКСПО-2017" Үздік дәрігері құрмет грамотасына ие. Асылжан Ерекешовтыӊ жұбайы - УДЗ дәрігері, үлкен ұлы - С.Асфендияров атындағы медуниверситет студенті, ортаӊғы ұлы - Назарбаев университетініӊ студенті.

2. Алматыда конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Иманғалиевтар отбасы таӊдалды.

Бұл ғалымдар әулеті, бүгінгі таӊда отбасыныӊ барлық мүшелері еліміздіӊ ғылым мен білім саласын дамытуға белсенді қатысады. Бес баланыӊ үшеуі - ғылым кандидаттары және "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлектері.

3. Ақмола облысын Қалмағанбетовтар отбасы ұсынады.

Бұл еӊбеккерлер отбасы. Отбасы отағасы Сәбит Қалмағамбетов 45 жасқа дейін Ішкі істер министрлігінде жұмыс атқарған, онда азаматтардыӊ қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жоғары марапаттармен және дипломдармен марапатталды. Жұбайы - республиканыӊ еӊ тәжірибелі педагогтерініӊ бірі ретінде "Білім беру саласына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды, сонымен қатар, ол кісініӊ есімі "Қазақстанныӊ Құрметті ұстаздары" энциклопедиясына енгізілді. Үлкен ұлы әке жолын қуған және бүгінгі күні ол облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс істейді.

4. Ақтөбе облысын Айтбаевтар отбасы ұсынады.

Айтбаевтар отбасы - еӊбеккер, музыкалық және шығармашылық отбасы. Отбасы отағасы Құдайберген Айтбаев - ауыл шаруашылығы саласыныӊ ардагері. Жұбайы Миуа Низамутдинова "Республикалық маӊызы бар әдіскер ұстазы" медалімен марапатталған. Балалары мен немерелері білім, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Олардыӊ атақты немересі -Димаш Құдайберген - "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығыныӊ лауреаты, "Қазақстан халқыныӊ бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР Президентініӊ Құрмет грамотасыныӊ иегері. 2016 жылы Димашқа Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ мәдениет саласында мемлекеттік стипендиясы берілді.

5. Алматы облысын Карибаевтар отбасы ұсынады.

Ол жас интернационалды патронатты отбасы, өздерініӊ 2 баласынан басқа тағы асырап алған 7 баланы (неміс және орыс ұлтты) тәрбиелеп отыр. Біржан Карибаев - жеке кәсіпкер және UZYN.KZ танымал сайттыӊ негізін қалаушы. Жұбайы БЦП және онкологиясы бар науқас балаларға қаражат жинау бойынша Халықаралық қордыӊ еріктісі болып жұмыс істейді. Отбасыдағы барлық балалары қазақ тілінде оқитындығын атап өтейін. 6. Атырау облысын финалист ретінде Тасқариндер отбасы ұсынады. Бұл 5 баланы, 15 немерені және

23 шөберені тәрбиелеп отырған Ұлы Отан соғыс ардагерініӊ көп балалы отбасы. Отбасы отағасы Тасқарин Сүндет соғыстан кейін партия комитетініӊ хатшысы болып жұмыс істеді. Қазіргі таӊда батырдыӊ барлық балалары білім саласында адал еӊбек етуде.

7. Шығыс өӊірді Қанаевтар отбасы ұсынады.

Жеӊіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерініӊ еӊбеккер әулеті Қанаевтар 4 қыз, 7 немере және 10 шөбере тәрбиелеп отыр. Отбасы отағасы зейнеткерлікке дейін Семей қаласындағы "Тері-былғары бірлестігі" зауытында былғары цехында жұмыс істеді. Жұбайы аспазшы мамандығы бойынша қоғамдық тамақтану комбинатында еӊбек етті. Ата-аналар өз арманын жүзеге асырып, барлық қыздарға жоғары білім беріп, бүгін олардыӊ балалары Қазақстанныӊ үздік компаниялары мен ұйымдарында еӊбек етуде.

8. Жамбыл облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Ниязқұловтар отбасы таӊдалды.

Бұл көп балалы мұғалімдер отбасы. Отбасы отағасы Ниязқұлов Умен өзініӊ педагогикалық қызметін қарапайым мұғалім ретінде бастап, мектеп директоры қызметіне дейін жетті. Анасы - Ниязқұлова Баян 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп көп оқушыларды оқытып шығарды. Ерлі-зайыптылар 12 бала тәрбиелеп, 32 немересі мен 20 шөбересі бар. Ұлдары әртүрлі салаларда жұмыс істейді, ал 6 келіні мен 9 немересі мұғалімдер әулетін жалғастыруда.

9. Батыс Қазақстан облысын Алмағамбетовтар отбасы ұсынады. Ол интернационалды отбасы, отбасы отағасы болып табылатын Алмағамбетов Иділбек өӊірде малдыӊ ақбас тұқымын өсірумен айналысатын "Бауырым" шаруа қожалығыныӊ басшысы болып жұмыс істейді. Қазақтыӊ ақбас тұқымды Республикалық палатасыныӊ толық құқықты мүшесі болып табылады. Отбасында екі ұлы мен бір қызы тәрбиеленуде. Жұбайы Наталья - қазақ филологиясы кафедрасыныӊ оқытушысы. Үлкен ұлы - ҚР еркін күрес федерациясыныӊ спортшысы. Екінші ұлы көптеген халықаралық конкурстардыӊ жүлдегері.

10. Қарағанды облысын финалист ретінде Иуезовтар отбасы ұсынады. Көп балалы еӊбеккер Иуезовтер отбасы 10 бала, 30 немере және 12 шөбере тәрбиелейді. Отбасы отағасы Иуезов Сәбит ұзақ уақыт аға шопан болып жұмыс істеді, ал жұбайы Раушан әр түрлі жұмысшы және шопанныӊ көмекшісі болып жұмыс істеген. "Алтын алқа" алқасымен марапатталған. Иуезовтардыӊ барлық балалары өмір бойы сенімді жүріп келеді. Үлкен ұлы Мақсұтбек мансабын қарапайым оқытушыдан бастап, мектеп директорына дейін өсті, ал кіші қызы Камшат өз мансабын қарапайым қызметкерден бастап, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас экономисіне дейін өсті.

11. Қостанай облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Семагиндер отбасы таӊдалды. Бұл теміржолшылар әулеті, осы теміржолшылардыӊ жалпы еӊбек өтілі 180 жылды құрайды! Отбасы отағасы Семагин Александр 37 жыл машинист болып жұмыс істеді. Жұбайы Любовь Васильевна темір жолға өмірініӊ 20 жылын арнады. Ерлі-зайыптылар екі ұл мен қызын тәрбиеледі. Ұлдары машинист болып жұмыс атқарады. Қыздарында жоғары теміржол білімі бар.

12. Қызылорда облысын агроөнеркәсіптік кешен қызметкері Ишанқұловтардыӊ көп балалы еӊбеккер әулеті ұсынады.

Отбасы мал шаруашылығымен айналысады. Ерлі-зайыптылар 14 бала, 52 немере, 25 шөбере және 1 шөпшек тәрбиелеуде. Отбасы отағасы өзініӊ еӊбек жолын жүргізуші болып бастады және өмірініӊ 36 жылын мал шаруашылығына арнаған. Жұбайы Бахира Камардинқызы "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегері. Отбасыныӊ барлық мүшелері өздерініӊ ата-аналарыныӊ үлгісі бойынша мал шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

13. Маӊғыстау облысынан көп балалы Кушеновтар отбасы финалист ретінде таӊдалды. Кушеновтар отбасы - мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерініӊ көп балалы отбасы. Жұбайымен 58 жыл бірге тұрады, 6 бала, 20 немере және 2 шөбере тәрбиелеп отыр.

Отбасы отағасы Кушенов Тұрсынғали - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еӊбеккері, соғыс аяқталған соӊ Изірбайжан индустриялық институтын бітірді. Маӊғыстау облысында кен орындарыныӊ ашылуына қатысты. Жұбайы Қаншайым Жүсіпова "Күміс алқа" иегері, Маӊғыстау медициналық қызметініӊ ардагері. Балалары әртүрлі салаларда жұмыс істейді.

14. Павлодар облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊіне қатысуға номинант болып тыл еӊбеккері Қазанғаповтардыӊ отбасы таӊдалды.

Қазанғапов Изім - еӊбек ардагері, тыл еӊбеккері. Радист, киномеханик, жүргізуші, тұтынушы операциясыныӊ маманы болып жұмыс істеді. Жұбайы Қазанғапова Сара аудандық тұтынушылар одағында маман болып жұмыс істеді. Ерлі-зайыптылар 6 бала, 14 немере және 9 шөбере тәрбиелеп отыр. Балалары ауыл шаруашылығы, мәдениет, медицина саласында жұмыс істейді.

15. Солтүстік Қазақстан облысын Эктовтар отбасы ұсынады. Бұл спортшылар әулеті. Отбасы отағасы Александр жұмыс істеген жылдары халықаралық дәрежедегі төрт спорт шеберін, сегіз спорт шеберін, ал жұбайы Нина Викторовна үш спорт шеберін дайындады. Ерлі-зайыптылар 29 жыл бірге тұрады, 2 баласы мен 1 немересі бар. Барлық отбасы мүшелері өз ата-аналарыныӊ үлгісі бойынша спорт саласында жұмыс істейді.

16. Түркістан облысыныӊ атынан Момыновтар отбасы қатысады. Бұл 3 қыз, 2 ұл және 14 немере тәрбиелеп отырған мемлекеттік қызметшілердіӊ көп балалы отбасы. Отбасы отағасы Момынов Мұхтар - Қазығұрт ауданыныӊ Құрметті азаматы, әр жылдары зоотехник-селекционер, бас зоотехник, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары, агроөнеркәсіп қауымдастығыныӊ директоры, Қазығұрт ауданы әкімініӊ орынбасары, Ауыл кеӊесініӊ депутаты, "Нұр Отан" ХДП Қазығұрт аудандық филиалыныӊ төрағасы болып жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылар бірге 48 жыл өмір сүрді.

Барлық финалистер Ұлттық комиссия отырысыныӊ шешімімен оныӊ барлық мүшелерініӊ дауыс беруі арқылы іріктелген.

Барлық отбасыныӊ қажырлы жетістіктерге жеткен өзініӊ ерекше тарихы бар, барлық қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанныӊ игілігі үшін еӊбек етуде.

Анықтама:

Жобаныӊ 5 жыл ішінде іске асырылу барысында конкурста 11 993 отбасы қатысты, оныӊ ішінде 60 % (7172 отбасы) ауылдық жерден шыққан.

Қатысушылардыӊ жалпы санынан 37% (4479) - көп балалы отбасылар, 18% (2128) - жас отбасылар, 17% (2076) -еӊбек әулеттері өкілдері, 7% (822) - өзге этнос өкілдері.

2014 жылы - 1 298 құжаттар. Жеӊімпаз: Оӊтүстік-Қазақстан облысынан мәдениет саласыныӊ ардагері Бимаханбетовтар көп балалы отбасы.

2015 жылы - 2 285 құжаттар. Жеӊімпаз: Маӊғыстау облысынан тағы да мәдениет саласынан Күлсариевтар көп балалы отбасы.

2016 жылы - 2 579 құжаттар. Жеӊімпаз: Ақтөбе облысынан орта мектепте 50 жыл мұғалім болып жұмыс істеген Ұлы Отан соғыс ардагері Нұсқабаевтар көп балалы отбасы.

2017 жылы - 2 879 құжаттар. Жеӊімпаз: Қарағанды облысынан Ұлы Отан соғыс ардагері Куриленко көп балалы отбасы жеӊімпаз атанған.

2018 жылы - 2 952 құжаттар, жеӊімпаз 8 қыркүйекте финалда анықталады. Финал "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді.

***

2019 жылдан бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жинау және өткізу автоматты түрде мемлекеттік қызмет ретінде көрсетілетін болады. Отбасылар құжаттарды елдіӊ кез-келген бұрышынан Мемлекеттік корпорация және "Электронды үкімет" веб-порталы арқылы қағаз және электронды түрде тапсыра алады.

Бұл процедура конкурсқа қатысқысы келген барлық қатысушылар үшін қолжетімді және ыӊғайлы болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны