01.09.2015, 15:31 4838

Еліміз Атазаӊ күнін мерекелеп жатқанда

Қайықтыӊ қозғалтқышы - "Ямаха-250", қосалқы 50 литрлік екі канистрде бензин сақталған.

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егемен" - 510 шекара катері 28 тамызда таӊертеӊгі 09.20 да Каспий теӊізініӊ 46?28? солтүстік ендігі мен, 51?07? шығыс бойлығында "Касатка" типтес шағын суда жүзу құралын байқап, соӊына түсті. Шекарашылардыӊ "тоқтау" туралы бұйрығына пысқырып та қарамаған шағын қайық жылдамдығын үдете түсті. Тоқтату мақсатында аспанға оқ атуға тура келді. Арада он бес минут өткенде қайық тоқтатылып, В 32 жастағы екі, 22 жастағы бір, жиыны 3 азамат (Қазақстандықтар) ұсталды.

Қайықтыӊ қозғалтқышы - "Ямаха-250", қосалқы 50 литрлік екі канистрде бензин сақталған.

1 дүрбі, 2 телефон, 1 дана GPS навигатор тәркіленді. Қару қолдану кезінде ешкім жапа шеккен жоқ.

Қорғас шекаралық бақылау отряды. Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығыныӊ аумағына өткізу бойынша шекара наряды 2015 жылғы 28 тамызда 13 сағат 35 минутта 44 жастағы отандасымызды тексеру барысында, сөмкесінен жарияланымсыз 65 000 юань ақша табылды. Тәркіленген сома актіленіп Қорғас кедендік бекетіне тапсырылды.

Жаркент шекара отряды. Осы күні 17.00 шамасында Панфилов ауданыныӊ Пиджим елді мекеніне кіре берісте шекара нарядыныӊ басшысына бетіне жарақат түскен, үсті-басын шаӊ-тозаӊ басқан 40-45 жастардағы жаркент қаласыныӊ тумасы, әйел адам жылап келіп, өзән әлдебір бейтаныс еркектіӊ зорламақ болғандығын айтты.

Шекара нарядыныӊ басшысы (офицер) ауыл ішіндегі "Наурыз" дүкені маӊынан күдіктіні ұстап, шақыру бойынша келіп жеткен ішкі істер органдары қызметкерлеріне тапсырып, қызметін әрі қарай жалғастырды.

Орал шекара отряды. "Тасқала" шекара заставасы. 2015 жылғы 28 тамызда сағат 12.40-та, шекара заставасынан 20 км, мемлекеттік шекара сызығынан 2 км қашықтықта шекара наряды азамат соғысы кезінде қолданылған ұзындығы 25 сантиметрлік, куммулятивті зарядтан тұратын 45 калибрлі жарылмай қалған снарядты тауып алды. Снаряд жанына ішкі істер департаментініӊ саперлері келгенше күзет қойылып, 17.50 де снаряд саперлер күшімен жойылды.

Тамыздыӊ 29-нан 30-на

Шонжы шекара отряды. Онопко атындағы шекара заставасы. Түнгі 01.47-де дабыл беру кешені безектеп қоя берді. Суыт жиналған дабыл тобы (офицер басқарған төрт шекарашы сарбаз) 3 минутта жолға шығып, жаӊа түскен іздерді тауып, 17 минуттыӊ ішінде шекара бұзушыны құрықтады. Шекараны бұзған 1982 жылы туылған ҚХР азаматы, жеке бас куәлігі бар, ұйғыр азаматы, қазақ тіліне де судай ағып тұр. Шекара отрядына әкелінді. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қордай шекара отряды. "Кордай авто" шекаралық бақылау бөлімі. 29 тамыз күні сағат 16.49-да шекара наряды арнайы үйретілген иттіӊ көмегімен 1984 жылы туған Қырғыз Республикасыныӊ азаматын ұстады. Шекарадан жаяу өтпек болған оныӊ қалтасынан бірнеше сіріӊке қораптарына салынған қою жасыл түсті, таныс иісі бар заттыӊ гашиш есірткісі екендігін тәжірибелі шекарашылар бірден анықтады. Жалпы салмағы 50 грамм айғақтық затымен сұталған адам Қордай ауданыныӊ ішкі істер бөліміне табысталды.

Мерке. "Сыпатай батыр авто" шекаралық бақылау бөлімі. Тамыздыӊ 29 күні кешкі 17.20-де шекара наряды еліміздіӊ аумағынан Қырғыз рсепубликасына қарай Фольксваген - гольф автокөлігімен бет алған 33 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Тексеру барысында қырағы шекарашылардыӊ назарынан автокөліктіӊ құжаттарыныӊ жалған екендігі қалт кетпеді. Көлік Алматы облысыныӊ тумасына тіркелген. Ал "жүргізуші" болса бұл автокөлікті Ресейден 2000 долларға сатып алғандығын, мемлекеттік нөмірі мен қазақстандық тех. паспортты 500 долларға белгісіз адамдардан алғандығын айтып "ант-су" ішті. Не де болса үлкен бір шикілік бары анық. Анықтау үшін Ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Тамыздыӊ 3-нен 1 қыркүйекке

Петропавл шекара отряды. "Жаӊажол авто" шекаралық бақылау бөлімі. Тамыздыӊ 31 күні түс ауа 14.30-да шекара наряды еліміздіӊ аумағынан Ресейге қарай "БМВ" автокөлігімен кетіп бара жатқан, құжаттарына қарағанда 28 жастағы Тәжікстан республикасыныӊ азаматын тоқтатты. Жүргіншініӊ жүзі 28 жастағы жігіт ағасы деуге мүлдем келмейтін еді. Тым егде. Өзі де тықыршып, дегбірі қаша берді. "Бақсам, бақа екен" дегендей, бұл өзінен 12 жас кіші туған інісініӊ құжаттарымен жүрген азамат болып шықты. Өтіріктіӊ құйрығыныӊ бір-ақ тұтам екендігі туралы мақалды естімеген азамат болса керек.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны