30.05.2012, 11:49 3471

Еліміз бойынша 120 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады

Биыл мектеп оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізудің нәтижесін жақсарту үшін бірқатар жаңа шаралар қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Еліміз бойынша 120 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл мектеп оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізудің нәтижесін жақсарту үшін бірқатар жаңа шаралар қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушылардың орта мектепте алған білімін бағалаудың басты үлгісі болып табылады.

ҰБТ еліміздің білім беру саласында жүргізілген реформаның маңызды құрамдасы болып табылады. Ең алғаш рет ұлттық бірыңғай тестілу мектеп бітірген кездегі және жоғарғы оқу орнына тапсыратын емтихандардың жаңа үлгісі ретінде 2004 жылы енгізілген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарын жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламаларының негізінде Ұлттық тестілеу орталығы дайындайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012 жылы ҰБТ-ға шамамен 121 мың оқушы қатысады. Биыл ҰБТ маусымның 1-нен 15-не дейін арнайы жабдықталған 154 қосында өткізіледі.

"107 қосын аудан орталығы мен қала мектептерінде, ал 47-сі Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарындағы жоғарғы оқу орындарының ғимараттарында орналастырылатын болады. Тестілеу үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында 10 қосын жаңа ғимараттарға көшірілді", - делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетерлігі, ҰБТ-ның технологиясымен танысу және түлектерді емтиханға дайындау үшін Ұлттық тестілеу орталығы бөлімшелерінің базасында сынау тесттері өткізілді. Ағымдағы жылы олардың 900 000-нан астамы өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығымен 900-ден астам сынау сұрақ-кітапшалары мен 200 мың ҰБТ пәндері бойынша құрал шығарылды. Жауап беру парақшалары дайындалып, бағдарламалық қамтамасыз ету іске асырылды.

142 806 тапсырма енгізілген тестілеу тапсырмаларының базасы жаңартылды. Оларды мақұлдау үшін 11 430 түлек қатысқан тест өткізілді. Алғашқы рет математика бойынша логикалық тапсырмалар дайындалды, ол 1 тапсырмадан әр нұсқаға енгізіледі. Жаңа тапсырмаларды дайындау мен сараптама өткізу үшін республика мектептерінің ең үздік 166 мұғалімі тартылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл ҰБТ-ны жақсы деңгейде өткізу үшін бірқатар жаңа шаралар қолға алынған.

Мысалға, биыл ҰБТ-ны өткізу мерзімі 15 мауымға дейін ұзартылды (бұған дейін тест тапсыру мерзімі 10 маусымға дейін болатын), апелляцияға өтініш қабылдау үшін тағы да қосымша 1 сағат берілді, яғни күніне 14 сағатқа дейін өтініштерді қабылдайды.

Мемлекеттік комиссияның мүшелері 11 адамнан 5-ке дейін қысқартылды, сондай-ақ әр аудиторияда ҰБТ өткізу қосындары 12-ден артық болмайды, жалпы алғанда небәрі 1281 аудиторияны пайдалану жоспарлануда.

Қазіргі таңда әрбір қосында ҰБТ өткізу үшін мемлекеттік комсиссиялар құрылып, бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны