29.01.2018, 17:33 5736

Еліміз бойынша еӊ аз қылмыс саны Маӊғыстау облысында

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жалғасуда, оны іске асыру үшін 600 бейнебақылау камерасын орнатумен "Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету ("Қауіпсіз қала") жобасы әзірленуде.

Ақтау. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрініӊ орынбасары Берік Бисенқұлов Маӊғыстау облысы Ішкі істер департаментінде жиналыс өткізіп, өӊірдегі полиция қызметініӊ өткен жылғы жедел қызметін қорытындылады және алдағы басым міндеттерді қарады.

Департамент басшысы Қанат Таймерденов облыс көлеміндегі криминогендік ахуал туралы баяндады. Қабылданған шаралардыӊ нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстардыӊ 13,4%-ға азайғанын атап көрсетті.

Сонымен,бүгінгі күні аймақтағы қарапайым қылмыс деӊгейі елдегі еӊ төменгі көрсеткіш болып отыр және 10 мыӊ адамға шаққанда 88 ғана қылмысты (1 орын) құрайды.

Қылмыстылықтыӊ профилактикасы бойынша мақсатты жұмыстардыӊ нәтижесінде аса ауыр қылмыстар саны тиісінше-2% -ға, орташа және аса ауыр емес (небольшой тяжести), тиісінше 15,8% -ға және 22,6% -ғатөмендеді.

Кісі өлтіру саны (40% -ға), ауыр дене жарақаттарын салу (12,8%-ға), зорлау (31%ға), тонау (18,5%ға), бұзақылық (17,4%-ға), басқа біреудіӊ мүлкін ұрлау (13,5%-ға), оныӊ ішінде: барлық түрлерініӊ саны азайды. ІІД бастығы қазіргі таӊда ішкі істер органдарыныӊ қызметтері мен бөліністерініӊ материалдық- техникалық базасын күшейту,313 бейнебақылау камераларыныӊ қуатын пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды. Оныӊ ішінде 174-і Ақтау және 139-ы Жаӊаөзен қалаларыныӊ ЖБО-сына қосылғандығын, "Қауіпсіз аула" жобасы аясында 217 қылмыстыӊ, соныӊ ішінде 60 ұрлықтыӊ ашылғанын атап көрсетті.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жалғасуда, оны іске асыру үшін 600 бейнебақылау камерасын орнатумен "Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету ("Қауіпсіз қала") жобасы әзірленуде.

Жиналыс барысында Б.Бисенқұлов ІІД-ніӊ облыстық басқармасы және оныӊ аумақтық бөлімшелері басшыларына қызметтіӊ барлық салалары бойынша, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заӊдылықты нығайтуға, жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге бағытталған нақты міндеттерді алға қойды.

Маӊғыстау облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны