07.06.2006, 17:51 2816

Еліміз Каир мен Дамаскідегі Сұлтан Бейбарстың тарихи ескерткішін және Ил-Фараби этномәдени орталығының құрылысын жаңғыртуға атсалысады

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін премьер-министр Даниал Ахметов Каир мен Дамаскідегі Сұлтан Бейбарыстың тарихи ескерткішін және Ил-Фараби этномәдени орталығының құрылысын жаңғыртуға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Ил-Фараби мазары ескі Дамаск бейітінде орналасқан, іс жүзінде күтімсіз жағдайда қалған. Жоспарланып отырған этномәдени кешен, Отырардан шыққан ұлы ғалымды көмуден басқа, оған келушілерді оның ғылыми еңбектерімен таныстыратын болады. Бүгінгі күні кесене құрылысының алдын-ала жобасы әзірленген.

Атап өтілгендей, Сұлтан Бейбарыстың кесенесінің жағдайы қанағаттанарлықтай. Сұлтан Бейбарыс кесенесі кешенінде Сұлтан Захир Бейбарыс пен оның ұлы Сұлтан Берке-ханның бейіті, сондай-ақ Бейбарыстың мектеп-кітапханасы бар. Мектептің кітапхана қоры 200 мың данадан астам қолжазба мен кітаптан тұрады.

Бүгінде Мысыр жағы Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру жөнінде үш жаңарту кезеңінен тұратын жұмысының екі кезеңін аяқтаған. Аяқталмаған үшінші кезеңде күмбез, бөлменің ішкі көрінісі, сондай-ақ іргетас құрылысы, бағаналар, бөренелер, беһе ғимараты және мешіттің төбесінің бұзылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып, оны Қазақстан жағы жүзеге асыратын болады.

«Қазақстанның өзінің өткен тарихын қалпына келтіруге қатысуы адамдардың сана-сезімін және ұлттық абыройды дамытудың маңызды қыры болып табылады», - деп атап өтті Д.Ахметов.

Арнайы ұсынылған макеттер мен фотографияны қарап шыққан үкімет басшысы жаңғырту жұмыстарын орындау кезіндегі мәселелерге, яғни, ескерткіштердің алғашқы тарихи келбетін өзгертпеуге ерекше маңыз аударды. Тарих тұрпайылықты кешірмейді,- деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны