28.03.2011, 13:17 4057

Елімізде 13 мыңға жуық сотталушыға рақымшылық жасалмақ

Елімізде 13 мыңға жуық сотталушыға рақымшылық жасалмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - Елімізде 13 мыңға жуық сотталушыға рақымшылық жасалмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 13 мыңға жуық сотталушыға Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасалады. Бұл туралы адам құқы жөніндегі дөңгелек үстел мәжілісінен ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары мәлім еткен.

"Рақымшылық нәтижесінде 13 мыңға жуық сотталушы бостандыққа шығарылады. Олардың 2 200-і бас бостандығынан айырылғандар болса, 10 600 сотталушының бас бостандығынан айыру үкіміне қатысы жоқ", - деп хабарлады бүгін Иоган Меркель.

Оның ақпаратына қарағанда, 20 жылдың ішінде 9 рет рақымшылық жасалған, яғни әрбір екі жыл сайын рақымшылық жасалды деген сөз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны