08.02.2016, 13:04 3393

Елімізде 30 градусқа дейін суытады

9-11 ақпан күндері күн суытады, температура -30 градусқа төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 9-11 ақпан күндері күн суытады, температура -30 градусқа төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Демалыс күндердегі аномальді жылы ауа-райынан кейін, қыс өзініӊ кәдімгі күйіне қайтып оралмақ. Оӊтүстік-батыс тропосфералық ағымдар солтүстікке ауысып сонымен Қазақстанға арктикалық кеӊдік ауасы суық фронттармен келеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еліміздіӊ солтүстік, орталық және шығыс облыстарында алдағы үш күнде қар жауады, көріну қашықтығы 500 м бұрқасын соғады, желдіӊ жылдамдығы 15-25м/с-ге жетіп, түнгі температураныӊ 23-30 градусқа төмендеуі күтіледі.

Оӊтүстік және оӊтүстік-шығыста жауын-шашын: жаӊбыр арты қарға айналып, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады, тұман, көктайғақ пен ауа-райыныӊ суытуы күтіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны