21.01.2013, 13:59 3713

Елімізде 3 млн-нан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

Қазақстанда 3 млн астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазіргі таңда елімізде тегін дәрі-дәрмекті 3 млн-нан астам адам алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 3 млн астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов Орталық Коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингісінде.

"Бүгінгі күні 3 миллионнан астам адам 48 сырқат түрі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Сондай-ақ бұл жүйе 18 жасқа дейінгі балаларды, екіқабат әйелдерді және барлық диспансерлік топтар бойынша есепте тұрған науқастарды қамтиды", - деді Э.Байжүнісов.

Оның айтуынша, дәрігердің рецепті бойынша тегін босатылатын дәрі-дәрмектер тізіліміне 48 сырқат түрі бойынша 400 астам дәрі түрлері кіргізілген.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу қамтамасыз етілуде, сондай-ақ пациентердің дәрілік құралдарды алуының нақты көрсеткішін көрсететін диспансерлік науқастардың регистрлерін жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, шалғай елді мекендердегі ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған жылжымалы дәріхана бекеттері ашылуда.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, біздің еліміз В және С вирусты гепатитімен ауыратын науқастарға дәрілік құралдарды тегін беретін аз ғана елдердің қатарына кіреді.

Амбулаторлық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайында пациент дәрігердің кеңестерін орындауға, өз денсаулығын нығайту мен сақтауға қажетті шараларды қабылдауға ерікті түрде келісім береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны