27.09.2006, 14:27 3662

Елімізде адам құқықтары жөніндегі сандық кітапхана құрылды

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада адам құқықтары жөніндегі сандық кітапхананың тұсаукесері өткізілді. Ол Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның веб-парақшасында көрініс тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сандық кітапхананың негізін қалау ақпарат пен әділеттілікке қол жеткізу мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ, қоғамдық ақпараттық ашық қызметтердің көмегімен адам құқығы саласындағы білім беруді дамытуға жасалған бір жаңаша инновациялық қадам болмақ", деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің жетекшісі Александр Зуев. Оның айтуынша, "бұл - Орталық Азия елдеріндегі осындай алғашқы тәжірибе".

Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жабайхан Ибділдиннің айтуынша, "адам құқықтары жөніндегі сандық кітапхана тұрғындарға, соның ішінде ауыл тұрғындарына ақысыз қызмет көрсетеді. Олар кітапханадан еліміздің 500-дей нормативтік құқықтық актілері мен еліміздің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне қатысты ақпараттармен тегін таныса алды".

Сандық кітапхана Қазақстан президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының және Ұлттық академиялық кітапхананың күшімен дүниеге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны