28.08.2006, 12:44 2906

Елімізде ағымдағы жылдың алғашқы жартысында кәсіби талаптарға сай келмеуге байланысты 23 судья қызметінен босатылды

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде ағымдағы жылдың алғашқы жартысында кәсіби талаптарға сай келмеуге байланысты 23 судья қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төртінші отырысында бүгін ҚР жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ибдірашит Жүкенов құлағдар етті , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Судьялар корпусына талапқа сай келмейтін, судья болуға лайық емес кездейсоқ адамдар кіріп кететін жағдай болады",- деді И.Жүкенов. Оның айтуынша, ""Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" конституциялық заңның жобасына сәйкес, қылмыс жасауға немесе сот билігінің беделіне көлеңке түсіретін әрекетке баруға байланысты судьялардың тәртіптік-квалификациялық алқасының шешімімен, сондай-ақ, кәсіби талапқа сай келмеуге байланысты соттың әділ қазыларының қорытындысымен судьяның өкілеттілігі аяқталған жағдайда оған берілген жеке басына қол сұғылмаушылық жөніндегі кепілдіктер мен барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктердің күші жойылып, отставкаға кетеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны