27.04.2012, 12:59 3835

Елімізде баспанасы жоқ жас отбасылар саны жарты миллионнан асып жығылады

"Былтырғы мәліметтер бойынша Қазақстанда үй алу кезегінде 150 мыңға жуық отбасы тұрса, оның 89 мыңы әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, ал 52 мыңы бюджет мекемелерінде қызмет істейтін дәрігерлер, мұғалімдер, 5 мыңнан астам жанұя апаттық үйлерде тұрады. Бұнымен қоса, баспанасы жоқ жарты милионнан астам жас отбасылар бар. Ал жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Мәселен, Бүгінгі таңда үй алуда кезекте тұрған 16425 жетім балалардың соңғы 5 жылда тек қана 459-ы немесе 2,7 пайызы үй алған", - дейді Г. Сейітмағамбетова.

Астана. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және маслихаттармен жұмыс жасау жөніндегі кеңесінің отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы жобасының әзірлену барысы туралы мәселелер қаралды.

Жиынды ашып сөз сөйлеген Кеңес төрайымы, мәжіліс депутаты Гүлнар Сейітмағамбетова Елбасының ағымдағы жылғы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауына тоқтала келе, ондағы басты он міндеттің біреуі - халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесі екенін атап өтті. Бұл міндетті орындау үшін Елбасы Үкіметке жаңа "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасын дайындап, оны тиісті қаражатпен қамтамасыз етіп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

"Былтырғы мәліметтер бойынша Қазақстанда үй алу кезегінде 150 мыңға жуық отбасы тұрса, оның 89 мыңы әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, ал 52 мыңы бюджет мекемелерінде қызмет істейтін дәрігерлер, мұғалімдер, 5 мыңнан астам жанұя апаттық үйлерде тұрады. Бұнымен қоса, баспанасы жоқ жарты милионнан астам жас отбасылар бар. Ал жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Мәселен, Бүгінгі таңда үй алуда кезекте тұрған 16425 жетім балалардың соңғы 5 жылда тек қана 459-ы немесе 2,7 пайызы үй алған", - дейді Г. Сейітмағамбетова.

Кеңес отырысында қатысушылар бағдарлама жобасын талқылап, ұсыныс-пікірлерді ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны