03.07.2015, 11:52 3191

Елімізде болу тәртібін бұзған Өзбекстанныӊ 16 азаматы ұсталды.

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар елімізде болу тәртібін бұзған өзбекстандық 16 азаматты ұстады

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар елімізде болу тәртібін бұзған өзбекстандық 16 азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Шекара қызметініӊ "Батыс" өӊірлік басқармасына қарасты "Ийтеке би" шекара заставасыныӊ шекарашылары жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізген рейд барысында Қарабұтақ елдімекенініӊ аумағында тиісті құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасыныӊ 6 азаматын ұстады.

Тергеу барысында өзбекстандық азаматтар Қазақстан жерінде жұмыс іздеп жүргендіктерін айтты. Оларды ұстау бойынша материалдар ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 5 тармағы 517 бабы бойынша Ақтөбе облысыныӊ Ийтеке би аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Леӊгір" комендатурасыныӊ әскери қызметшілері Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Леӊгір қаласыныӊ аумағында құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасыныӊ 6 азаматын ұстады. Құжаттары жоқ болғандығына қарамастан олардыӊ еӊбек етіп жүргендіктері де белгілі болды.

Бұл дерек бойынша материалдар Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Төлеби аудандық көші-қон полициясына берілді.

Шекара қызметініӊ "Шығыс" өӊірлік басқармасына қарасты Шонжы шекара отрядыныӊ шекарашылары шекаралық-төлқұжаттық режимді тексеру кезінде Шонжы елдімекенініӊ маӊайында шекаралық режимді бұзған Өзбекстан Республикасыныӊ 4 азаматын ұстады. Тергеу кезінде өздерініӊ жұмыс іздеп жүргендіктерін айтып ақталды.

ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 510-бабыныӊ 1-бөлімініӊ 2-тармағы бойынша өзбекстандық азаматтардыӊ әрқайсысына 4955 теӊгеден айыппұл салынды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны