12.03.2015, 09:45 3716

Елімізде бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді

Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігінде тұрақсыз күн райы бейсенбі күні де сақталады, жел күшейіп, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканыӊ батысы мен оӊтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігінде тұрақсыз күн райы бейсенбі күні де сақталады, жел күшейіп, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканыӊ батысы мен оӊтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Қызылорда, Жамбыл облысыныӊ кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Маӊғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады. Қарағанды облысыныӊ кей жерлерінде боран соғып, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады, желдіӊ күші -17-22 м/с. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны