25.02.2015, 15:30 4081

Елімізде "халал" белгісін "адалға" ауыстыру үлкен дау тудырды

"Халал" енді "адалға" айналады! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізуді ұйғарып отыр. Қазір тиісті құжат пен сертификат дайындалуда. Мамандар тауар белгісін осылайша қазақшаламақ. Бірақ бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Исіресе, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары бұған келісер емес.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - "Халал" енді "адалға" айналады! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізуді ұйғарып отыр. Қазір тиісті құжат пен сертификат дайындалуда. Мамандар тауар белгісін осылайша қазақшаламақ. Бірақ бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Исіресе, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары бұған келісер емес. Тағы бір жәйт, тамақ өнімдерінен басқаларға бұдан былай "халал", яғни "адал" белгісі қойылмауы тиіс. Мысалы, халал монша, халал қонақ үй сияқтылар енді болмайды дейді діни басқарма өкілдері, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Енді дүкенге не базарға азық іздей барсаӊыз, мекеменіӊ "адал" деген сертификаныӊ бар-жоғын сұрауыӊыз қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ бастамасымен мемлекеттік стандартқа осындай өзгерту енгізілмек. Яғни бұдан азық-түлікте "халалдыӊ" орнына "адал" деген белгі тұрады, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімініӊ меӊгерушісі:

- Кез келген халықтыӊ өзініӊ атаулары бар халалға берген, мағыналары бар. Сондықтан қазақ халқында "халаға" берген мағына ол - адал. Адал ас, арам мен адалдық деген секілді. Сондықтан осыныӊ бірін ескере келе, логотипте "Адал" деген белгіні қойдық!

Діни басқарма осы арқылы алдымен тауар белгісін қазақшалауды көздепті. Қазір дайындалып жатқан "адал" стандартына құқық беретін құжат, жоспарға сай, келесі аптада сауда орындарына таратылмақ. Тек жаӊа сертификатқа ие болушы мекеменіӊ өнімі шын мәнінде адал болуы шарт. Ал бұл зертхана арқылы анықталады.

Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімініӊ меӊгерушісі:

-Қазіргі уақытта үлкен соӊғы үлгідегі БЦР анықтайтын, шошқанын ДНК-сын анықтайтын лабораториямен екіжақты келісім сөз жүргізіп жатырмыз. Алла қаласа, осы жақын күндері шешілуі керек. Шұжықтар, халық көп тұтынатын тауарды тексерістен өткіземіз.

Алайда тыӊ бастамаға тұтынушылар құқығын қорғау ұйымыныӊ өкілдері күмәнмен қарап отыр. Айтуларынша, бақылау өзгертілмесе, таӊба сөзініӊ ауысуынан қайыр жоқ.

Арманғазы Мұратов, "Ата дәстүр мұрагері" тұтынушылардыӊ құқығын қорғау қоғамдық қорыныӊ президенті:

- Қазіргі таӊда жүйе жоқ. Адалдыӊ да, халалдыӊ да. Бір жерде бейнекамера қоймақ, сертификат бермек. Ақшаға сатамын дейді. Ол жүйе емес. Негізі әлемдік тәжірибені алып, Қазақстанға енгізу керек.

Тағы бір айта кететін жаӊалық - "адал" стандартын енді тек тағамға қатысты қолдануға рұқсат етіледі. Ал басқа тауарлар мен қызмет түрлеріне ондай белгі қойған жөн емес. Ийтпесе, елімізде монша, фитнес, ойынхана, емхана, кафе, такси, тіпті көлік жөндеу орталықтарына дейін "халал" тіркесін жалғауға әуестенген. Діни басқарма мұны заӊ тұрғысынан да тежеуге бекініп отыр.

-Жалпы бүгінде басқа өӊірді айтпағанда, бір Алматыныӊ өзі нағыз халал орталыққа айналған. Мәселен, мұнда жүзге жуық "халал" тіркесі жалғанған қызмет түрі, 3 мыӊға жуық ірілі-ұсақты кәсіпорын бар екен. Кеден Одағы аясында да келіп жатқаны тауар саны қаншама. Сондықтан жүйеліктіӊ жүргізілуі қажет-ақ сынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны